Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматы 15 және 16 қыркүйекте туған күнін тойлайды14.09.2018
Қоғам  18:55
Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы 15 және 16 қыркүйекте туған күнін тойлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қаланыӊ құрметіне арналған мереке Almaty Arena мұз кешенініӊ алдындағы алаӊда өткізіледі. Сенбі және жексенбіде таӊертеӊгі сағат 11:00 мен 23:00 аралығында онда балалар мен ересектерге арналған тақырыптық ойындар, халық серуені, Big City Picnic көшедегі тағам фестивалі мен фермерлік жәрмеӊке өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктегілер.

Фуд-фестивальге ірі 10 тамақтандырушы оператор қатысады. Almaty Arena алаӊында арнайы жабдықталған үйлерде палау мен грильдегі шұжықтар, гамбургерлер мен хот-дог, пицца және вок кеспесін, кекс және балмұздақ, ыстық және салқын сусындар сатып алуға болады. Әсіресе қаланыӊ нышаны болып табылатын алмадан жасалған чипс, пастила, сидрден жасалған коктейльдер баса назар аудартатыны сөзсіз.

Балалар мен ересектер "алма дойбы" және "алмабол" ойнай алады. Almaty Art Center жанындағы гүлзарда "Алма көрмесі" өтеді. Мерекеде сахна төрінен Live Band музыкасы мен диджейлердіӊ би тректері ойналады.

Almaty Art Centre орталығында 14 қыркүйекте Қала күніне және Қазақстанныӊ Суретшілер одағыныӊ 85 жылдығына арналған ауқымды сурет көрмесі ашылды.

Жұма мен жексенбі аралығында, 14-16 қыркүйекте Almaty Arena жанындағы жеӊіл атлетика стадионында Қала күніне орай футболдан ашық турнир өтуде.

Мереке Almaty Arena үлкен сахнасында шетелдік орындаушылардыӊ қатысуымен өтетін концертпен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 4609

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter