Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматы әкімі қаланыӊ инженерлік желілерін қайта жасау қарқынын жеделдетуді тапсырды12.07.2018
Қоғам  17:19
Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today- Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қаланыӊ инженерлік желілерін қайта жасау жұмыстарын тексерді. Биыл жазда мегаполисте 12 шақырымнан астам жылу желісі жөнделуде, 120 мыӊнан астам абоненттер үшін газ құбырлары кеӊейтіліп, сумен қамтудыӊ жаӊа жүйелері жүргізілуде.

Дулати көшесі бойындағы ұзындығы 8,8 шақырым кәріз коллекторы учаскесініӊ құрылысын қарап шыққан мегаполис басшысы қаланыӊ Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.

"Барлық объектілер мерзімінде берілуі және кешенді абаттандырылуы, жасылдандырылуы тиіс", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Өткен жұмыс сапарыныӊ қорытындысы бойынша Алтынсарин көшесі бойына ұзындығы 2,8 шақырым газ құбырын тарту жұмысы ойдағыдай аяқталды. Осыныӊ арқасында 40 мыӊнан астам абонент газбен үздіксіз қамтамасыз етіледі.

Жамбыл көшесі бойымен Назарбаев даӊғылы және Пушкин көшесініӊ арасында жылу желілерін қайта жасау жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, қазір мұнда маӊайды абаттандыру ісі жалғасуда.

Қаланыӊ бірқатар учаскелерінде жұмыстар жүруде, олар шілденіӊ соӊына таман аяқталады. Жұмысы қомақты әрі күрделі учаскелер тамыз айыныӊ соӊында іске қосылады. Мұндағы барлық абоненттер уақытша сызба арқылы ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етіледі.

Сумен қамтудыӊ және судан бөлудіӊ жаӊа желілерін салу жұмыстары жалғасуда. Осыныӊ арқасында қаланыӊ 5 ауданыныӊ 120 мыӊнан астам тұрғыны сапалы сумен және орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі қаланыӊ тарихи орталығын қайта жасау жұмысын тексерді. Қазіргі кезде Абай, Абылай хан, Назарбаев даӊғылдары мен Абай алаӊыныӊ учаскелерінде инженерлік желілерді ауыстыру, тас төсеу, суару жүйесін орнату, нысанныӊ сыртын жаӊарту жұмыстары жүруде.

Реконструкция барысында жаяу жүргінші, жасыл желек аймақтарын кеӊейту, жаӊа фонтандар салу қарастырылған.

Айта кетерлігі, осы жазда Алматыда ұзындығы 160 шақырым болатын 150-ден астам көше жөнделеді. Барлық жер асты өтпелі жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланыӊ барлық аудандарында абаттандыру жүзеге асуда. Егер өткен жылы қалада 500 аула жөнделсе, биыл қаланыӊ барлық аудандарында тағы да 600-ден астам аула жөнделеді.

Мегаполисте соӊғы жылдары 800 шақырым инженерлік жүйелер салынды және жөнделді, соныӊ ішінде 313 шақырым су құбыры, 266 шақырым кәріз құбыры, 150 шақырым электр беру желісі және 32,3 шақырым жылу желісі.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 3538

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter