Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматы ипподромы мен "Сайран" автовокзалы тарихи-мәдени мұралардыӊ алдын-ала жасалған тізіміне енгізілді13.06.2018
Қоғам  18:59
Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - Алматы ипподромы мен "Сайран" автовокзалы Алматы қаласыныӊ тарихи-мәдени мұралар нысандарыныӊ алдын-ала жасалған есебі тізіміне енгізілді, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасыныӊ "Тарихи- мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заӊы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын- ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі.

Обьектініӊ мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы Заӊға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.

Заӊға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттыӊ сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттыӊ ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органныӊ келісімі қажет.

Еске салсақ, бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек заӊнамаға сәйкес "Сайран" автовокзалын жергілікті маӊызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын. Кейін меншік иесі аймақты дамытудыӊ алдын-ала жасалған концепциясын ұсынды. Автовокзалдыӊ көлік логистикасын толық қайта жасау және оныӊ айналасын фонтандармен, кафелермен, жасыл желектермен және балалар алӊдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.

Бұлардан өзге, Алматы қаласы әкімдігініӊ қаулысы бойынша ҚІЫО "Атакент" АҚ арасындағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру жөніндегі келісім күшін жойды. Кейін "Атакенттіӊ" басқарушы компаниясы жеке меншіктегі 8 гектар жерді де тегін қайтару жөнінде міндеттеме алған еді. Көрме кешенініӊ басшылығы "Қала жаяу жүргінші үшін" концепциясына сай оныӊ айналасын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 5208

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter