Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыда Денис Тенніӊ мемориалдық тақтасыныӊ ашылу салтанаты мен қордыӊ ресми тұсаукесері өтті08.11.2018
Қоғам  15:00
Алматы. 7 қараша. Kazakhstan Today - Алматыда атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенніӊ мемориалдық тақтасыныӊ ашылу салтанаты мен Halyk Arena көпфункционалды кешенінде "Денис Тен қоры" кеӊсесініӊ ресми тұсаукесері өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Мемориалдық тақта Денистіӊ туып-өскен үйінде Назарбаев көшесі 48 мекен-жайы бойынша орнатылды. Оныӊ ашылу салтанатында қала әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев, мәнерлеп сырғанаудан кеӊестік және ресейлік атақты бапкер, КСРО-ныӊ еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова, Ресей Федерациясыныӊ Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров, еліміздіӊ халық әртісі Роза Рымбаева және өзгеде қонақтар келіп қатысты. Көз жасына ерік берген Татьяна Тарасова жас спортшыны есіне алып, оныӊ талантына тәнті болғанын жеткізді.

"Ол өз елін әлемге танытты. Оныӊ өнерін тамашалаған миллиондаған адам Қазақстанды әлемдік картадан іздеп, ол елдіӊ қай жерде орналасқанын білді. Ол өз елініӊ батыры", - деді Тарасова мемориалдық тақтаныӊ ашылуында.

Өз сөзінде атақты бапкер барлық спортшылар Денис Тенніӊ алдағы жобаларын қолдауға дайын екендігін жеткізіп, анасына көмектесетіндігін айтып өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Петропавлға Қазақстан мен Ресей президенттерініӊ шекара ынтымақтастығы бойынша кездесуіне ұшып кеткендіктен, ашылу рәсіміне қатыса алмады.


"Біз әйгілі чемпионамызды ұмытпас үшін түрлі іс-шаралар өткізетін боламыз. Оныӊ отбасымен бірге батырымыздыӊ болашақ ескерткішініӊ кескінін жасап жатырмыз. Барлық дайындық жұмыстарынан кейін ескерткіш көктемде орнатылады деп үміттенеміз. Әкімдік Денис Тенніӊ құрметіне дәстүрлі халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр. Оныӊ нақты күнін спорт қоғамдастығымен және Денистік анасымен келісеміз", - деді Алматы әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев.

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева атап өткендей, Денис - тазалықтыӊ, патриоттыӊ символы, нағыз батыр, қатарластарына үлгі болған азамат.


Ашылған қордыӊ мақсаты Денистіӊ жобаларын іске асырып, шығармашылық жастарға қолдау көрсету болып табылады. Чемпион тек мұз айдында ғана емес, музыка және сценарий жазумен де әуестенген, сонымен қатар, әдемі суреттер түсірген. Денис өз артында өшпестей мұра қалдырды. Енді оныӊ ата-анасы, достары, әріптестері Денистіӊ бастамаларын жалғастырып, оларды одан әрі іске асыруды көздеп отыр.

Қордыӊ кеӊсесініӊ тұсаукесерінде атақты мәнерлеп сырғанаушы Елена Родионова және де қаланыӊ жас спортшылары Halyk Arena жиналған көрермендер алдында өз өнерлерін көрсетті.


Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 3914

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter