Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыда С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты өкілдері шеберлік сабақтарын өткізеді15.05.2018
  • Фото: total.kz
Қоғам  16:30
Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 16 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласына және Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналған С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты (БМКИ) 100 жылдық мерейтойы аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыныӊ ұйымдастыруымен Алматы қаласыныӊ Достық үйінде ҚазҰӨА ректоры және институттыӊ (БМКИ) басшылығы, профессорлық құрамы, сондай-ақ еӊ дарынды студенттерінен құрылған шығармашылық тобыныӊ қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Бағдарламада: "Мосфильм" киноконцернініӊ "Арк-фильм" киностудиясыныӊ басқарма төрағасы, БМКИ профессоры, шығармашылық шеберхана жетекшісі Вадим Абдрашитов, РФ Халық әртісі Орынбасарова Н.У., РФ Халық әртісі Соловьев С.А. және әр жылдары БМКИ-діӊ түлектері қатысады.

Осы шара аясында институттыӊ еӊ дарынды студенттері алматылық көрермендер үшін "Евгений Онегин", "Много шума из ничего" және "Говорящий немой" атты үш спектакль ұсынады.
Профессорлық құрам кәсіби қазақстандық жоғарғы оқу орындарыныӊ студенттері үшін режиссура, анимация, сахналық қозғалыс, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сонау Кеӊес заманынан бері кино өнерініӊ бастау бұлағы болған Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтыныӊ тыӊ жаӊалықтарына алматылықтар куәгер бола алады.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 5211

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter