Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыда "Вечерняя Алматы" газетініӊ 50, "Алматы ақшамы" газетініӊ 30 жылдығына арналған көрме ашылды12.10.2018
Қоғам  19:20
Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда "Вечерняя Алматы" газетініӊ 50, "Алматы ақшамы" газетініӊ 30 жылдығына арналған көрме ашылды.

Көрмеге Алматы қаласыныӊ тарихына қатысы бар 90-нан астам фотосуреттер қойылған.

Көрме 11 қазаннан бері Орталық көрме залында (Желтоқсан көшесі 137-үй, Жамбыл көшесініӊ қиылысында) жұмыс істеуде.

"Көрме авторларыныӊ фототуындыларынан біз қаланыӊ қалай дамығанын және оныӊ кескін-келбеті қалай өзгергенін көре аламыз. Фотосуретшілердіӊ еӊбектерінде қала үшін аса өзекті де елеуді оқиғалардыӊ барлығы көрініс тапқан. Сондай-ақ, бұл көрмеден біз қаламыз үшін маӊызды тұлғалар - Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева және Нұрғиса Тілендиев сынды тұлғалардыӊ суреттерін де тамашалай аламыз", - деді Қастеев атындағы музейдіӊ баспасөз қызметініӊ жетекшісі Клара Исабаева.

Көрмеге "Вечерняя Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерініӊ журналистері мен фототілшілерініӊ ғана емес, сонымен бірге "Медеу" фотоәуесқойлары клубыныӊ мүшелері түсірген туындылар да бар.

""Вечерняя Алматы" газетініӊ жарты ғасырлық мерейтойына арналған көрме "Вечерка, события, люди" деген экспозиция түрінде ұйымдастырылған. Мұнда 1968 жылдан бері газеттіӊ белсенді авторлары болған "Медеу" фотоәуесқойлары клубыныӊ мүшелерініӊ еӊбектеріне салмақ түсіріледі. Олар қалада болып жатқан оқиғаларды ешқашан қалт жібермеген. 1968 жылғы бірінші тілшіміз - Вячеслав Коморский", - деді "Вечерняя Алматы" газетініӊ мәдениет бөлімініӊ редакторы Юрий Каштелюк.

"Алматы ақшамы" газетініӊ 30 жылдығына арналған көрме "30 жылдыӊ 30 сәті" деген атпен ашылды.


"Алматы ақшамы" газеті шыға бастағаннан қала тіршілігі мен қала тарихынан сыр шертіп, алып мегаполисіміздіӊ болашағы туралы да жұрт-шылықты жан-жақты хабардар етіп келеді.

Басылым беттерінде жарияланған фотомұрағаттар мен қала өмірін, тұрғындар тіршілігін бейнелейтін фотоматериалдар легі өз алдына бір әлем. Олардыӊ әрбірі туралы жеке тоқталып, кеӊінен әӊгіме қозғауға болады.


Көрмеге газеттіӊ редакциясында қызмет еткен, сондай-ақ осы басылымдардыӊ дамуына үлес қосқан белгілі фототілшілер - Самат Құсайынов, Шүкір Шахай, Нұрғиса Елеубеков, Жеӊіс Ысқабай, Сәрсенбек Қызайбекұлы түсірген таӊдаулы фотосуреттер мен газеттердіӊ тарихынан сыр шертетін материалдар, газет қызметкерлерініӊ кітаптары қойылды.

Көрменіӊ ашылуына басылымдардыӊ басшылары, сондай-ақ мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері, қала тұрғындары қатысты.



Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 8624

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter