Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыда жаӊа форматтағы Кітаптар үйі ашылды12.10.2018
Қоғам  18:50
Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - 8 қазанда "Алматыкітап баспасы" жаӊа форматтағы Кітаптар үйін салтанатты түрде ашты.

Жаӊа кітаптар үйі Алматы қаласыныӊ Абай даӊғылындағы 37 - үйде, Назарбаев даӊғылымен қиылыста орналасқан.

"Алматыкітап баспасы" директорлар кеӊесініӊ төрайымы Элеонора Нығметовна Баталова кітап дүкенініӊ ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде компанияныӊ негізгі міндеті - қалыӊ жұртшылықтыӊ кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру екендігін атап өтті. "Білім мен жаӊашылдыққа құмар оқырмандар кітапты қолына алған сәтінен бастап кітап әлеміне сапар шегеді. Заманауи үлгідегі кітап дүкенінде әрбір оқырманныӊ кітап әлеміндегі жаӊалықтардан хабардар болып, білім нәрімен сусындауына барынша мүмкіндік жасалған", - деді мекеме басшысы. Кітап дүкенініӊ жұмыс жоспарында кітап көрмелері, жаӊа кітаптардыӊ тұсаукесерлері, викториналар мен түрлі конкурстар, пікірталас пен авторлармен кездесулер сияқты іс-шаралар өткізу жоспарланған. Демалыс күндері актерлер мен журналистер, кәсіпкерлер мен жазушылар, танымал тұлғалар мен студенттер жиналған көпшілікке кітап оқып береді. Бүлдіршіндерге кітап оқып беру де қарастырылған. Өткізілетін барлық іс-шара әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланып тұрады.

Дүкенніӊ жаӊа дизайны тартымды, сәнді интерьерімен ерекшеленеді. Әрбір сөреге жарық шамдары орнатылған. Классикалық музыка мен ұлттымыздыӊ ән-күйі мұнда өткізген әрбір сәтіӊізді ұмытылмастай етуге септігін тигізеді. Қалаған кітапты қиналмай табуға мүмкіндік беретін сілтемелер қарастырылған. "Алматыкітап" білімдік кітап желісініӊ жаӊартылған дүкенініӊ ашылуына мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

"Алматыкітап баспасыныӊ" каталогі үнемі жаӊартылып, толықтырылып отырылады. Каталогтыӊ басты тақырыбы - көркем және балалар әдебиеті, оқулық және оқу-әдістемелік құралдар, ғылым, бизнес, бос уақыт пен шығармашылық салаларыныӊ еӊ танымал еӊбектері. Дүкенде заманауи поэзия мен проза, психология бойынша басылымдар кеӊінен ұсынылған.

"Сіздер дүкендерден отандық және шетелдік баспалардыӊ алуан түрлі тақырыптары бойынша басылымдарыныӊ кеӊ ауқымды ассортименттерін көре аласыздар. Біздіӊ қызметкерлер сіздердіӊ қалауларыӊызды мұқият тыӊдап, сіздердіӊ таӊдауларыӊыз бойынша бізде бар тауарларды ұсынады. Кітаптарға Астана мен Алматы қалаларындағы 12 дүкен және біздіӊ сайт арқылы тапсырыс беруге болады. Айтпақшы, тауарды жеткізіп беру қызметі де бүкіл ел бойынша жұмыс істейді",- дейді баспа өкілдері.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 6206

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter