Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Астанада 2017 жылы "Сергек" камерасы ЖКО 18% дейін төмендетуге көмектесті16.04.2018
Қоғам  13:46
Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Премьер-министрдіӊ орынбасары Асқар Жұмағалиев, Астана әкімі ?сет Исекешев, бас прокурордыӊ орынбасары Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен жағдайлар орталығына барып, "Сергек" жобасын іске асыру бойынша мәселені талқыға салды.

Асқар Жұмағалиевқа "Сергек" фото-бейне тіркеу жүйесініӊ барлық мүмкіндігін таныстырып, "Qamqor" айыппұл төлеу жүйесі мен әкімшілік құқық бұзушылықтыӊ бірегей тіркеуін көрсетіп шықты.

?сет Исекешев "Сергек" камерасын орнату және "нөлдік төзімділік" қағидасын іске асыру жоспары бойынша орта есеппен алғанда қылмысты 30 пайызға, ал ЖКО - 18 пайызға төмендеткенін айта кетті.

Таныстыру барысында вице-премьер ІІМ-не Бас прокуратура мен ІІМ ақпараттық жүйесін біріктіру процедурасын жеделдетуді тапсырды.

Бүгінде камера орнатудыӊ бірінші кезеӊі аяқталды. Қалада 6365 камера біріктіріліп, орнатылды. Бүкіл қаланы "Сергек" камерасымен қамту 2018 жылдыӊ 1 маусымына дейін аяқталмақ.

?рі қарай делегация "Astana LRT" кеӊсесініӊ жұмысымен танысты. Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов қаладағы интеллектуалды транспорт жүйесін көрсетіп шықты: яғни бағдарламалық-апараттық кешен. Ол бағдаршамдар мен бейнебақылау жүйесін орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Мамандар ITS жобасы шеӊберінде аялдамаларға жолаушыларға автобустыӊ келу уақыты туралы ақпараттандырып тұратын табло орнатылғанын түсіндірді. Таблоға қажеттілік туындаған жағдайда ТЖ мен басқа да алдын ала белгісіз жағдайлар туралы қосымша ақпараттарды орналастыруға болатынын айтты.

Диспетчер орталығына келген қонақтар тәулік бойы жедел режимде жүргізіліп жатқан орталықтандырылған басқарманыӊ тасымалдау процесімен де танысты. Арнайы экранда қаланыӊ картасы және қозғалыс кестесін бақылайтын индикаторлы барлық автобустыӊ жағдайы көрсетілген. Қызыл - бұл озып кету, сары - қалып кету, жасыл - кестені байқау. Аталмыш картаға үзіліс болған жағдайда, схема өзгерген кезде, ТЖ барысында автобустардыӊ статусы өзгергені көрсетіледі.

Асқар Жұмағалиев барлық функциялар қалалықтардыӊ өмірін ыӊғайлы әрі айтарлықтай жақсарта түсетінін айтты.

"Біз бүгін жобаныӊ дайын екенін көрдік, олар дұрыс жұмыс жасап жатыр, ?кімдік тұрғындардан түскен шағымдар мен өтініштерге жедел әрекет білдіріп нәтиже шығаруда. Бізге енді тағы бір маӊызды жүмысты қолға алу қалды - барлық ақпарат қолжетімді болатын мобильді қосымшаны соӊына дейін аяқтау. Өйткені, енгізілген технология біз бен сіздіӊ қауіпсіздігіміз бен жайлылығымызды қамтамасыз етеді, демек қалалықтар үшін оған қолжетімділік барынша қарапайым болуы керек", деді вице-премьер.

Бүгінде жолаушылар автобусын 500 мыӊнан астам тұрғындар қолданады.

Нысанға келгеннен кейінгі қорытынды бойынша барлық жауапты қызметке сәйкес тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 1182

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter