Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Ертеӊ Қазақстанда рамазан айы басталады16.05.2018
Қоғам  23:31
Алматы. 16 мамыр Kazakhstan Today - Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздыӊ мәлімдемесін назарларыӊызға ұсынамыз:

"РАМАЗАН - РАҚЫМ АЙЫ!

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланыӊ атымен бастаймын!

Қадірлі бауырлар!

Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!

Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айыныӊ келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаӊыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Баршаӊызға Жаратқан Ием жар болсын!

Біздіӊ халқымыз ежелден рамазанды ерекше қастерлеп: "Он екі айдыӊ сұлтаны", - деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаныӊ келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған. Ал ауызашар дастарханы рухани сұхбаттыӊ, бата мен ізгі тілектіӊ қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру - бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз.

Таӊғы сәресі әр шаӊырақ үшін қуанышты сәт болса, кешкі ауызашар ағайын мен туысты, бір қауым елді имандылыққа ұйытқан, мерекесі мен берекесі үйлескен басқосу болатын. Аллаға шүкір, бұл игі дәстүр ғасырдан ғасырға жалғасып, жаӊғырып келеді.

Рамазан - рақым айы! Қасиетті айдыӊ құрметі үшін бір-бірін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған пенделер сауапқа кенеледі. Өзгеге мейірім көрсеткен адамға Алла Тағала оны мейіріміне бөлейді. Кешіргенге - кешірім жасалады.

Рамазан - жақсылық айы. Оразада әрбір жақсы амалдыӊ сауабы еселеніп жазылады. Хадис-шарифте айтылғандай, "адам баласыныӊ барлық игі істерініӊ сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады".

Осы ретте отандастарымды материалдық көмекке мұқтаж жандарға көӊіл бөліп, қайырымдылық іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырамын. Кәсіпкерлерді рамазанныӊ құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға, жол-көлік ақысына жеӊілдіктер жасауға үндейміз.

Құрметті жамағат!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "2018 - Ислам және отбасы жылы" деп атады. Қасиетті айда қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерге, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға, науқас адамдарға барынша қамқорлығымызды көрсетейік, ардақты ағайын! Бір адамды қуанышқа бөлеу - садақа.

Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтыӊ бастауы болған арақ-шараптыӊ сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін.

Құрметті қауым!

Он екі айдыӊ сұлтаны - рамазан құтты, берекелі болсын! Қасиетті айда жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріӊіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыӊыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздыӊ бірлігі нығайып, берекесі арта бергей! Тәуелсіздігіміз әрқашан баянды болғай! Әумин!"

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 780

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter