Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Finnair әуе компаниясы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арқылы әуе бағытын қайта іске қосады12.07.2018
Қоғам  19:02
Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Finnair әуе компаниясы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арқылы әуе бағытын қайта іске қосады.

Ұшу бағыттары биылғы жылғы шілдеден қыркүйек айына дейін аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері ыӊғайлы Airbus 319 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Ұшу уақыты төрт сағат.

Естеріӊізге сала кетейік, 2017 жылғы жазғы айларда Finnair әуе компаниясы үш мыӊнан аса жолаушыға қызмет көрсетті.

Аталған бағытты қайта жаӊарту қазақстандық жолаушыларға Санта Клаустыӊ отанын көруге, әрі олардыӊ жайлы әуе кемесімен Хельсинки -Вантаа әуежайы арқылы Еуропаныӊ 70 тен аса және Азияныӊ 19 қаласына саяхат жасауына мүмкіндік берсе, финляндиядық саяхатшылар еліміздіӊ көрікті жерлерін аралайтын болады.

Анықтама: Finnair- Финляндиядағы ұлттық әуе тасымалдаушы, әрі елдегі еӊ ірі әуе компаниясы. Оныӊ орналасқан жері Хельсинки-Вантаа әуежайы. Oneworld альянсыныӊ құрамында. Компанияныӊ негізгі акционері Финляндия үкіметі.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 1083

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter