Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
"Қазақ хандығы" сериалыныӊ екінші маусымы Оӊтүстік Қазақстан облысында түсіріліп жатыр13.06.2018
Қоғам  18:28
Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - "Қазақ хандығы. Алтын тақ" атты ауқымды жобасы екінші маусымыныӊ түсірілімдері Оӊтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында жүріп жатыр. Бұл ауқымды тарихи жобаныӊ авторы - ҚР Президенті Н. ?. Назарбаев. Көп сериялы фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Centaurus Rustem Abdrashev production" ЖШС-ніӊ қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсіруде.

Тарихи киноныӊ түсірілімдері Алматы облысында мамырдыӊ басында басталған. Кейінірек түсірілім тобы Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан "Елтай" ауылы маӊындағы "Иір су" жайлауына ауысқан. Дәл осы жерде түсірілім тобы режиссер Рүстем ?бдірашевтіӊ бастауымен Керей мен Жәнібек хандардыӊ тұрағын - төрелердіӊ ауылын жасап шықты. Шайбандар мен Қазақ хандығыныӊ үлкен ұрыс сахнасы да осында түсірілген.

"Екінші маусымныӊ аты айтып тұрғандай "Қазақ хандығы.Алтын тақ". Қазақ хандығындағы еӊ бір күрделі кезеӊдердіӊ бірі. Жәнібек пен Керейдіӊ ?білқайыр Шайбани ұрпақтарымен Қазақ хандығыныӊ Сығанақтағы тағы үшін тақ таласы. Бұл маусымда тақты, Ақ орданыӊ астанасы Сығанақты қайтару сынды маӊызды оқиғалардыӊ айналасында өрбиді. Бірінші маусыммен салыстырғанда бұл әрине әлдеқайда қызықырақ, динамикасы жағынан жылдам. Экшн көп болады. Көрерменге қызықты болады деген ойдамын. Сценарий тарихи негізде жазылды. Бірақ жастарға қызық болсын деп көптеген сол заманныӊ оқиғаларын қайтадан тірілтуге тырыстық. Материал қазір түсіріліп жатыр. Мынау жазғы маусымныӊ түсірілімі. Көктемде бастадық. Бұйыртса, Түркістанға барып, соӊғы, негізгі эпизодтарды түсіреміз. Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ билік өкілдеріне алғысымыз шексіз. Бізге барынша қолдау көрсетіп, түсірілім алаӊына қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп отыр, - деді Рүстем ?бдрашев.

Екінші маусымдағы оқиға желісі 1470 пен 1485 жылдар аралығында өрбіп, Жәнібек ханныӊ қайтыс болуымен аяқталады. Режиссердіӊ айтуынша, негізгі актерлік құрамға екінші пландағы 5 - 6 кейіпкер қосылған.

"Есенберлинніӊ кітабы біз түсіріп жатқан кезеӊмен аяқталады. Соӊында Жәнібек қайтыс болып, таққа Бұрындық отырады. Міне дәл осы жерге дейін жеткізбекпіз. Бірінші маусым негізінен Алматы облысында түсірілген болатын. Ал екінші маусымда Оӊтүстік Қазақстанда түсірейік деп шештік. Облыстыӊ басшылығымен тез түсінісіп кеттік, олар тарапынан қолдау алдық. Тарихи фильмдерді түсіру барысында еӊ бастысы 360 градус бүгінгі адамзаттыӊ іс-әрекетініӊ белгілері болмауы тиіс. Біз іздеген көріністі осы жерден таптық. Жалпы тарих бойынша ұрыстар осы маӊдар болған. Қазақ хандығы Қаратау бөктерінде негізі қаланды.Былтыр қыста бізосы киіз үйлер мен шатырларды "Қазақфильмніӊ" территориясына тұрғызып, монологтар мен диалогтарды түсіріп қойғанбыз. Түлкібаста тек көпшілік сахналарды яғни - ауыл көрінісін, келу, кету, киіз үйге кіру, ұрыс сахналары мен жекпе-жектер осында түсіріп жатырмыз" - деді бас продюсер Арман ?сенов.

Продюсердіӊ айтуынша бүгінгі таӊда 10 сериялы фильмніӊ 8 сериясы түсірілген. Сонымен қатар, түсірілімдер Қазақстанныӊ тарихи қалалары - Түркістан мен Таразда да жүреді. Аталған қалаларда маӊызды сахналарды қоятын болады. Сериалдыӊ соӊғы түсірілім жұмыстары "Қазақфильмніӊ" павильондарында өтеді.

"Мұнда әлі бір аптадай түсіреміз. Сосын Түркістанға көшеміз. Өздеріӊіз білетіндей, Түркістан күллі түркініӊ орталығы. Бұндай аса ауқымды тарихи полотнода тарихи архитектуралық ансамбльді көрсету керек деп есептеймін. Жәнібекті хан көтеру салтанатын Түркістанныӊ маӊында түсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Дәл осы Түркістан біз түсіріп жатқан тарихи кезеӊдердіӊ шынайы куәгері. Өкінішке қарай, қазақ кинематографында Шәкен Айманов түсірген "Алдар көседен" басқа ешқандай фильмде Түркістан қаласы көрсетілмеген екен. Түркістаннан соӊ Тараздағы Қарахан мен Айша бибі кесенесін де түсіреміз" - деп қосты бас продюсер.

Түсірілім алаӊында реквизиторлар, декораторлар, рестовраторлар және қару-жарақ жасаушылардан тұратын суретшілер департаменті XV ғасырдыӊ ауылын тұрғызған.Түсірілімдер үшін отыздан астам қырғыздыӊ және жергілікті киіз үйлерін жалға алған. Көптеген тулар, әскери шатырлар, көп мөлшерде үй мен далаға қажетті жабдықтар, құрал-саймандар жасалған. Ал бас кейіпкерлердіӊ ат сауыты Қытайда тігілген.

"Екінші маусымда негізінен бірінші маусымныӊ реквизитін қолдандық. Алайда, көбін қайта жасап шығуға, жаӊартуға тура келді. Өйткені жарамсыз болып қалған. Реквизит қолайсыз ауа-райынан жарамай қалады. Ал тарихи фильмдердіӊ барлығы дерлік ашық кеӊістікте түсіріледі.Екінші маусымда біз шатырларға ден қойдық. Олар кадрда әдемі көрініс береді. Барлық реквизит тарихи деректерге сай Алматыда жасалды. Бірінші маусымда көпшілік сахналар үшін қылыштарды пластиктен жасадық. Өйткені ондағы адамдар қылыштасу өнерін меӊгермегендіктен жарақаттанып қалулары мүмкін. Қылыштардыӊ 50% қайта жасап шығуға тура келді. ?р бас кейіпкердіӊ әскери реквизитін түгел қайта қалпына келтірдік. Ат сауыттарыныӊ эскиздерін және жылқыныӊ мөлшерін өзіміз сызып, Қытайда тіктірдік" - деді қоюшы-суретшілердіӊ бірі Мұрат Карипов.

"Қазақ хандығы. Алтын тақ" жобасыныӊ екінші маусымы үшін костюмдер бойынша ауқымды жұмыс жасалды дейді костюм жөніндегі суретші Ажар ?убәкірова. Көпшілік сахнасындағы, эпизодтағы және басты рөлдегі кейіпкерлерге бірнеше комплект әскери костюмдер мен аяқ киімдер тігілген. Барлық киімдер Алматыда жасалған.

"Костюмдерді шетелден аламыз деп әдейі ешқайда барған жоқпыз. Маталарды да Алматыныӊ базарларынан таптық. Былғарыны әскери костюмдердіӊ негізі ретінде пайдаландық. Көпшілік сахнаныӊ әскери костюмдерін бірнеше топқа бөлдік. Олар: тимуридтер, шайбандар, қазақтар және ноғайлар. Қазақ жауынгерініӊ костюмы қалыӊдау. сауыт-сайманы, белбеуі, былғары плащы егжей-тегжейлі жасалған. Толыққанды образ шықты. Бәрін де отандық мердігерлер жасап шыққан. Костюмдер түс гаммасы бойынша да ерекшеленеді. Қазақтардыӊ костюмдері қоӊыр, ал ноғайлар мен шайбандардікі сұр түсті. Барлық костюмдерді жасау барысында тарихи шындықтандан алшақ кетпеуге тырыстық," - деді Ажар ?убәкірова.

Жоба барысында 200 астам отандық кинематографтыӊ білікті мамандары жұмыс жасап жатыр. Фильмніӊ сценарийін Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем ?бдірашев Ілияс Есенберлинніӊ "Алмас қылыш" романыныӊ негізінде жазып шыққан.

Сериалдыӊ тұсаукесері биыл желтоқсан айына жоспарланған.

Фильмніӊ режиссері - Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек сіӊірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем ?бдірашов. Ол"Құрақ көрпе", "Қаладан келген қыз", "Сталинге сыйлық", Елбасы жолы киноэпопеясыныӊ: "Балалық шағымныӊ аспаны", "От-өзен", "Теміртау", "Тығырықтан жол тапқан" атты кинотуындыларыныӊ авторы.

Қоюшы-режиссері: Рүстем ?бдірашов

Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем ?бдірашов

Қоюшы суретшілері: Еділ Нүсіпов, Мұрат Карипов

Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Александр Плотников

Костюм жөніндегі суретші: Ажар ?убәкірова

Художник по гриму: Сергей Маурин

Бас продюсері: Арман ?сенов

Композиторы: ?білқайыр ?бдіраш

Редакторы: Ерлан Төлеутай

Басты рөлде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек ?білмәжинов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Ғазиза Тілеубай, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іӊкәр ?бдіраш, Фариза Ескермесова, ?шілер Сүлейменов және басқалар.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 2792

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter