Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Маӊғыстауда тарихи-мәдени мұралар кешенді экспедициясы басталды16.05.2018
Қоғам  23:47
Ақтау. 16 мамыр Kazakhstan Today - Маӊғыстауда Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар:рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 3 турдан тұратын "Маӊғыстау облысыныӊ материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары" кешенді экспедициясы басталды.Ресей Ғылым Академиясыныӊ Ресей тарихы институтыныӊ бас ғылыми қызметкері, профессор, тарих ғылымдарыныӊ докторы Вадим Трепавлов бастаған экспедиция мүшелері облыс әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті.

Экспедиция мақсаты - Маӊғыстау облысыныӊ материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұраларын зерттеу мақсатында шетелден ғалым-мамандарды тарту; Қазақстанныӊ тарихи-мәдени мұрасын ұлттық және халықаралық деӊгейде насихаттау, Маӊғыстау облысыныӊ тарихи-мәдени мұраларын аймақ бойынша кешенді ғылыми экспедиция өткізу арқылы баяндау; Киелі тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу; Облыс тұрғындарыныӊ дәстүрлі және тұрмыстық бағыттарын, халық шығармашылығын (фольклор) зерттеу; Эпиграфикалық ескерткіштерге зерттеулер өткізу (фиксация); Кешенді экспедиция қорытындысы бойынша ғылыми есептер дайындау.

"Маӊғыстау өӊірі - өздеріӊіз жақсы білетіндей, табиғаты бөлек, тарихы тереӊде жатқан аймақ. Ғылыми зерттеулерді талап ететін, ежелгі өркениет елі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Әрбір халықтыӊ, әрбір өркениеттіӊ баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, жас ұрпақтыӊ санасына сол қасиетті орындардыӊ ұғымын сіӊіруіміз керек. Бұл - рухани дәстүрдіӊ басты негіздерініӊ бірі" деген болатын. Міне, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында өздеріӊіздіӊ бірге үлкен ғылыми экспедициясыны қолға алып отырмыз. Сіздердіӊ еӊбектеріӊіз - Ұлттық тарих пен таным және патриотизмді қалыптастыруға негіз болатына сенімім мол", - деді Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов.

Ғылыми экспедиция өлкеніӊ баға жетпес тарихи мұрасы ұлттық идеологияныӊ бөлігі ету, еліміздіӊ әлемдік брендін жоғарылату, туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен патриотизмді арттыруға бағытталған.Экспедиция барысында ноғайлы кезеӊініӊ ескерткіштері және аймақтыӊ шыӊырау-құдықтары зерттеледі. Экспедиция қорытындысы бойынша "Kazakh TV" арнасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылатын бірнеше сериядан тұратын деректі фильм дайындалады.

"Киелі Маӊғыстау жері - ата-бабаларымыздыӊ мекені. Бұл аймақты түркі әлемініӊ археологиясыныӊ орталығына айналдыруымыз керек. Осындай кешенді экспедицияны қолға алып, халықаралық ғалымдарды шақырғандарыӊызға рақмет айтамын", - деді Измир қаласындағы (Түркия)Эгей университетініӊ профессоры, филология ғылымдарыныӊ докторы Метин Екичи.

Сондай-ақ, жиында Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтыныӊ антикалық кезеӊ және орта ғасыр археологиясы бөлімініӊ аға ғылыми қызметкері Ерден Оралбай Маӊғыстау облысынан Археология Институтыныӊ филиалын ашуды ұсынды.

Кешенді экспедиция 6 бағытты қамтиды:

1. Маӊғыстау облысыныӊ тұрғындары арасынан ХХ ғ. 20-30 жж. қатысты этнографиялық мәліметтер жинақтау.

2. Белгілі неміс этнографы Рихард Карутц жолымен. 100 жылдан соӊ.

3. Маӊғыстаудағы ноғайлы кезеӊі (14-17 ғғ.).

4. Үстірттегішыӊырау-құдықтарды зерттеу.

5. Маӊғыстаудыӊ сакралды ескерткіштері:

- Ежелгі Маӊғыстаудыӊ теӊіз айлақтары (архивтік-библиографиялық зерттеулер, картографиялық материалдарды зерделеу);

- "От киесі" Отпантау кешенініӊ туристік әлеуеті;

- Аӊыз өрген Маӊғыстау мешіттері;

- Маӊғыстау түбегі ескерткіштерініӊ эпиграфикасы мен архитектурасы

6. Маӊғыстау петроглифы.

Кешенді экспедицияныӊ 1-туры: Ақтау қаласы - Қошқар ата қорымы -Ақшора қорымы - Жалғызтам (Бельторан) қорымы -Үштам қорымы -Кенті-баба қорымы - Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы -Қапамсай -Шақпақ-ата жерасты мешіті және қорымы -Отпантау тарихи-мәдени кешені -Ақмыш сайы -Шерқала тауы -Айрақты тауы - Көгез этноауылы -Шетпе ауылы. Таӊбалытас (Тынымбай шоқы жері) -Бозжыра тауы (панорама) -Оғыланды қорымы -Бекет ата жерасты мешіті - Үстірттегі шыӊырау-құдықтар (Ақшымырау, Жаӊасу жеріндегі Шотан құдығы, Еліқажы) - Сайөтес ауылы - Сисем-ата қорымы- Шетпе ауылы - Қараман ата жерасты мешіті және қорымы.

Экспедиция маршрутыныӊжалпыұзақтығы - 2000 км.Экспедиция мерзімі: 10 күн.

Экспедиция құрамы:

1. Т. Кармов - Д.С.Лихачев атындағы Ресей табиғи және мәдени ғылыми-зерттеу институтыныӊ доценті, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты, археолог;

2. С. Ашуров -тарих ғылымдарыныӊ кандидаты, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясыныӊ археология және этнография институтыныӊ басылым және ғылыми байланыстар бөлімініӊ жетекшісі;

3. Н. Алышов - Әзірбайжан антикалық және ортағасырлық археология бойынша маман, т.ғ.к.

4. Метин Екичи-Измир қаласындағы Эгей университетініӊ профессоры, филология ғылымдарыныӊ докторы;

5. С.Белоруссова - тарих ғылымдарыныӊ кандидаты, түркітанушы, Орталық Азия Кунсткамерасы бөлімініӊ қызметкері

6. Ә.Сарай - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қызметкері, Қазақстанныӊ Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты, жазушы-драматург;

7. И. Жеменей-профессор, филология ғылымдарыныӊ докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініӊ Тұран-Иран ғылыми-зерттеу орталығыныӊ директоры;

8.Е.Оралбай - Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтыныӊ антикалық кезеӊ және орта ғасыр археологиясы бөлімініӊ аға ғылыми қызметкері;

9. Б. Нұрдәулетова-профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетініӊ филология ғылымдарыныӊ докторы;

10. Э. Абланова - тарих ғылымдарыныӊ кандидаты, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетініӊ доценті;

11.А. Еділхан - өлкетанушы;

12. О.Көшбай -этнограф,жазушы, өлкетанушы;

13.С. Құдайберген - тарихшы,фольклорист;

14. Б.Төлегенұлы - түркітанушы;

15. А.Астафьев - археолог;

16. Н.Құлбаев - тарихшы, арабист, өлкетанушы

17. Н.Қалағанов - тарихшы, өлкетанушы

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 674

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter