Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Президент алматылықтарға Астанаға жасаған сыйлық үшін алғыс білдірді11.07.2018
Қоғам  17:35
Алматы. 11 шілде. Kazakhstan Today -ҚР Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбекке жолдаған хатында мегаполистіӊ барлық тұрғындарын Астананыӊ 20 жылдығымен құттықтап, жаӊа балабақша үшін алғысын білдірген.

"Еліміздіӊ бас қаласы, Тәуелсіз Қазақстанныӊ символы астананыӊ 20 жылдығы бәріміздіӊ ортақ мерекеміз болып табылады."Өӊірлердіӊ Астанаға тартуы" жобасы аясында Алматы қаласы астанаға ерекше сыйлықты тарту етті. "Almaty balabaqshasy" бала бақшасы - заманауи және көп функционалды білім орталығы, мұнда жан- жақты даму үшін барлық жағдай жасалған. Бала бақша қаланыӊ мектеп жасына дейін білім беретін жетекші мекеме ғана емес, сонымен қатар екі астананыӊ достығы мен ынтымағыныӊ символына айналатынына сенімдімін", - деп атап өтті ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Айта кетерлігі, Астананыӊ 20 жылдығы қарсаӊында Алматы көшесінде 240 орынды "Almaty balabaqshasy" жаӊа бала бақша ашылды. Бұл -тәуелсіз Қазақстанныӊ алғашқы астанасыныӊ тартуы. Әрбір 12 топ Алматыныӊ табиғи пейзажына, сәулетіне, тарихи- мәдени көрнекі орындарына сай әрленген.

Бөлмелердіӊ қабырғаларына және едендегі кілемдерге мегаполистіӊ басты көшелері мен даӊғылдары салынған. Суреттердіӊ барлығын Қастеев атындағы көркемсурет мектебініӊ тәрбиеленушілері жасаған. Әр топ Алматы өӊірініӊ басты символдарымен байланыстырылған, олар: Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе, Алма-Арасан, Тау-Самалы, Үшкоӊыр, Алатау, Алмалы, Жетісу және басқалары.

Әр жастағы топ "Алматы кітап" баспасыныӊ әдеби кітаптарымен, әдістемелік құралдарымен, ұлттық стильде жасалған заманауи ойыншықтармен қамтасыз етілген. Алматылықтар астаналық жаӊа балабақшаға "асық технологиясы" әдістемелік құралдарымен қоса асықтарды тарту еткен, осы әдістеме арқасында балдырғандардыӊ тактикалық және логикалық ойлау қабілеттері жетіліп, олар ептілікке, нақтылыққа, көшбашылыққа бейімделеді. Қазіргі кезде бұл әдістемені оӊтүстік астананыӊ мектеп жасына дейінгі мекемелерініӊ 70%-ы қолданады, 4 жастан 7 жасқа дейінгі 30 мыӊнан астам бала қамтылған.

Жаӊа бала бақшаныӊ сыртын әрлеуге ерекше назар аударылған. Ғимараттыӊ сыртына жасыл қаланыӊ басты символы - "Апорт" алма ағашы салынған. Оныӊ айналасын жасылдандыру үшін аязға төзімді ағаш түрлері: сібір шыршасы, қайыӊ, терек, әрине алма ағашы таӊдалған.

Бұлардан өзге, Алматыныӊ Астанадағы Мәдени күндері бағдарламасы аясында Астананыӊ 20 жылдығына арналған "Алматы-Астана: Мәдени көпір" фотокөрмесі өтті, бұл Алматы қаласы әкімдігі мен "Universal Media Service" Агеттігі" қоғамдық қорыныӊ бірлескен жобасы. Мұнда жаӊа астананыӊ имиджін жасауға Алматыныӊ мәдениет қайраткерлерініӊ, жетекші мәдени орындарыныӊ қосқан үлесі көрсетілген, сонымен қатар БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен ЮНЕСКО қолдауымен "Балалар әлемді салуда" атты балалар салған суреттердіӊ көрмесі өтті.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 3818

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter