Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Жаз мезгілінде кремді-кондитерлік өнімдер, пицца, суши қауіпті болып табылады12.07.2018
Қоғам  19:37
Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде жаз мезгіліндегі аурулардыӊ алдын алуға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Ауа температурасы көтерілуіне байланысты халық арасында жіті ішек инфекцияларыныӊ, вирустыӊ таралу қаупі де артады. Осы мезгілде адамдардыӊ тамақтанатын объектілерінде, тамақ өнімдерінде және суда қоздырғыштардыӊ сақталуы мен көбеюі үшін қолай жағдай туады. Ауру инфекция жұқтырылған тамақ өнімдерін, ластанған ауыз суды ішкенде, науқастармен және бактерия тасымалдаушылармен қарым-қатынаста болған кезде лас қол және тұрмыстық заттар арқылы жұғады.

Үй жағдайларында тамақтан уланулардыӊ алдын алу мақсатында өнімдердіӊ сапасын мұқият бақылау керек. Тұрмыстық жағдайда адам көбінесе уытты инфекциямен ауырады. Егер өнім аздап бұзыла бастаса, улануды тудыратын бактериялар пайда болады. Инфекция көбінесе, құс өнімі (ет, жұмыртқа), сүт өнімдері, салаттар, кремді-кондитерлік өнімер және тағы басқалар арқылы жұғады. Өнімніӊ бұзылғанына күдік туған жағдайда оны пайдаланбау керек. Жұқтыру қаупі осыған ұқсас микроорганизмдердіӊ көбеюі үшін қолайлы орта ыстық - жаз мезгілінде айтарлықтай артады.

Майонез қосылған күрделі және дәмді салаттарды жасау әдетке айналған іс, бірақ оларды сақтау мерзімдері мен шарттары сақталмаған жағдайда қауіпті екенін естен шығармау керек, оларды аз мөлшерде дайындап тез пайдалану керек. Шөптерден, көкөністерден жасалған және май қосылған салаттардыӊ қауіптілігі аз және пайдалы деп, Комитет дұрыс тамақтану шеӊберінде осыларға көп көӊіл бөлуді ұсынады.

Жуылмаған жеміс-жидектер, көкөністер ішек ластануын тудыруы мүмкін. Ішекке түскеннен кейін көбейіп, улануды тудыратын микроорганизмдер жемістерде болады, уланудыӊ мұндай түрімен көбінесе балалар, сондай-ақ жемістіӊ өсіп тұрған ағашынан алып жеуді жақсы көретін ересек адамдар да ауырады. Маусымдық жеміс-жидектерді, әсіресе сары өрік, қара өрік, құлпынай, шиелерді жақсылап жуу, тазартып жеу керек.

Қоғамдық тамақтану объектілеріндегі соӊғы 5 жылдағы топтық тағамдық улануды талдау нәтижесі қонақтар көп жиналатын жиын-тойларды өткізумен байланысты екендігін көрсетті. Әдетте, тапсырыс беруші залды безендіруге аса көӊіл бөліп, тамақ дайындау жағдайы, персоналдыӊ болуы, дайын тамақтарды сақтауға арналған тоӊазыту жабдығыныӊ болу назардан тыс қалады.

Үлкен жиын-тойларды өткізу кезінде медициналық тексерістен өтпеген жалдамалы даяшылар шақырылады, көшпелі іс-шараларда тиісті жағдайы жоқ кеӊсе үй-жайларында дайындайтын кейтерингтік компаниялардыӊ өкілдері жұмыс істейді. Тойханалар мен мейрамханалардыӊ әкімшілігі үйде дайындалған тамақты әкелуге жол береді, бұл ретте, дайын тамақ қандай жағдайларда сақталғаны, тамақты дайындау үшін қандай өнім сатып алынғанына назар аударылмайды.

Инфекциялық аурулар мен тамақтан уланудыӊ алдын алудыӊ еӊ негізгі себептері бұзылады - өнімніӊ термиялық өӊделуі, шикі және дайын өнімдерді, әсіресе құс еті мен одан жасалған өнімді қатар сақтауға болмайтын тауар көшілестігі бұзылады.

Қазір, инстаграмм арқылы, үйлердіӊ кіреберістерінде желімделген жарнамалар, чаттардағы ақпараттар арқылы үй жағдайында дайындалатын тамақты сатып алу әдетке айналған және сатылатын тамақтыӊ түрі көп. Жаз мезгілінде кремді-кондитерлік өнімдер, пицца, суши қауіпті болып табылады.

Ішек инфекцияларыныӊ алдын алу жеке гигиена ережелерін сақтауға байланысты. Ішек таяқшаларыныӊ алдын алу үшін мынадай қағидаларды сақтау қажет:

- жеке бас гигиенасын сақтау, тамақ ішу алдында, дәретханадан кейін даладан үйге оралғаннан кейін қолды жақсылап жуу;

- қайнаған немесе бөтелкеге құйылған сапасына кепілдік берілген суды пайдалану;

- тамақ өнімдерін тасымалдау және сақтау үшін таза қаптаманы (тамақ өнімдері үшін полиэтилен, қағаз, контейнер) пайдалану;

- тез бұзылатын өнімдерді (сүт, қаймақ,жартылай ет өнімдері, дайын ет және балық өнімі, салаттар, кремі бар аспаздық өнімдер) сатып алған күні немесе дайындалған күні пайдалану, оларды салқын жағдайда да ұзақ сақтамау (6-12 сағаттан асырмау), 12 сағаттан астам уақыт сақталған тамақты пайдалану алдында жақсылап жылыту;

- рұқсат етілмеген сауда орындарында - кездейсоқ адамдардан өнімдерді сатып алмау, мұндай жағдайда Сіз сақтау мерзімі аяқталған, сақтау, тасымалдау шарттары бұзылған қауіпсіз емес өнімдерді сатып алуыӊыз мүмкін;

- тамақты дайындаудыӊ температуралық режимін сақтау (әсіресе, ет, құс еті және теӊіз өнімдері мен жұмыртқаны пайдалану кезінде);

- дайындалған тамақты бөлме температурасында 1 сағаттан асырмай сақтау немесе дайындалған тамақты дастарханға қойғанға дейін ыстық күйінде ( 60С жоғары) ұстау;

- ас үйге кездейсоқ адамдардыӊ кіруіне рұқсат етпеу;

- ресми рұқсат етілген орындарда шомылу, шомылу кезінде суды жұтпауға тырысу.

Қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтан уланудыӊ алдын алу үшін:

- өнімдерді сақтау кезінде тауарлық көршілестік қағидаттарын сақтау,

- өнімді қауіпсіздігі расталған құжаттары болған кезде ғана сатып алу,

- персоналдыӊ жеке медициналық кітапшасыныӊ болуы,

- жиын-той басталғанға дейін дастарханды 1 сағаттан ерте жаймау,

- көп компонентті салаттардыӊ санын азайту, майонезді пайдалануды шектеу.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 1103

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter