Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыда өткен жылдыӊ нәтижесі бойынша "Жібек Жолы" бағдарламасы арқылы 165 кәсіпкер қаржыландырылды16.05.2018
  • Фото: Комсомольская правда Казахстан
Экономика  20:43
Алматы. 16 мамыр Kazakhstan Today - Алматыда өткен жылдыӊ нәтижесі бойынша "Жібек Жолы" бағдарламасы арқылы 165 кәсіпкер қаржыландырылды.

Ағымдағы жылдыӊ 26.04.2018 жағдайы бойынша жалпы сомасы 661,2 млн теӊгені құрайтын 42 жоба қаралуда, жалпы сомасы 646 млн. теӊгеге 44 жоба мақұлданған, жалпы сомасы 829,1 млн. теӊгеге 54 несие берілді, құжаттарды жинау сатысында жалпы сомасы 265 млн. теӊге болатын 22 жоба бар. Бұл туралы Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Даму" КДҚ Алматы қаласы филиалы директорыныӊ орынбасары Едіге Марғұлан мәлім етті.

Спикердіӊ айтуынша, Алматы қаласында сауда және қызмет көрсету секторлары 60% -дан астам үлесті құрайтындықтан Алматы қаласыныӊ әкімдігі мен Даму қоры бірлесіп "Жібек Жолы" атты өӊірлік бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама "Бизнестіӊ жол картасы -2020" шеӊберінде басымдық тізімге енгізілмеген сауда, сұлулық салондары, жатақханалар және басқа салалардағы кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы ретінде 2015 жылдыӊ мамыр айынан жұмыс істей бастады.

Несиелеу шарттары:

1. Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және жұмыс істейтін шағын және орта бизнес қана қатыса алады:

2. Еӊ жоғарғы несиелеу сомасы бір кәсіпкер үшін 180 млн. теӊге.

3. Несие мерзімі: жаӊа негізгі қаражат алуға және жетілдіруге - 84 (сексен төрт) айға дейін; айналым қаражатын толықтыруға - 36 (отыз алты) айға дейін.

4. Сыйақыныӊ номиналды мөлшерлемесі - жылдық 7%.

5. Негізгі қарызды өтеудіӊ жеӊілдік мерзімі - 12 (он екі) айға дейін;

2017 жылдыӊ нәтижесі бойынша "Жібек Жолы" бағдарламасы арқылы 165 кәсіпкер қаржыландырылды.

Сондай-ақ, 2017 жылдыӊ қарашасында қосымша 3 транш бойынша 2,7 млрд.тенге бөлінді, банк серіктестер: "НұрБанк" АҚ, "ForteBank" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Halyk bank" АҚ.

Ағымдағы жылдыӊ 26 сәуіріндегі жағдай бойынша 582 млн.тг құрайтын 11 кәсіпкер қаржыландырылды және 15 кәсіпкерлердіӊ жобалары қарастырылуда.

Айта кету керек, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму бағдарламасыныӊ қаржылық қолдауымен энергия үнемдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдайды, - деп хабарлады Едіге Марғұлан.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 4149

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter