Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Оӊтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ешкі сүтініӊ өнімдері шығарыла бастады16.05.2018
Экономика  23:43
Шымкент. 16 мамыр Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында алғаш рет тәулігіне 3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өӊдеуге қауқарлы "Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері" кооперативі құрылды. Жаӊадан ашылған шаруашылықтыӊ жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аталған кәсіп түрін дамытудыӊ жолдарын талқылады. Ешкі сүтініӊ адам денсаулығына пайдасы мол екенін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оӊ бағасын берді.

Жұмыстыӊ барысымен таныстырған серіктестік төрағасы Жеӊіс Тоғызақбаев өндірістік кооперативтіӊ іске қосылған бірінші кезеӊінде сауын цехы мен сүт өӊдеу зауытыныӊ және жем-шөп жинау ғимаратыныӊ құрылысы аяқталғанын мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, Нидерланд елінен ешкініӊ Заанен тұқымын сатып алған. Даму жоспары үш кезеӊнен тұратын жобаныӊ жалпы құны 1 млрд. 829 млн. теӊгені құрайды. Қазір мұнда 500 бас ешкі болса, жоспар толығымен орындалғаннан кейін 6 мыӊ басқа жететін болады. Өсімділігі өте жоғары ешкі малы жылына егізден тауып, орта есеппен 100 басқа 200 төл береді екен.

Заанен тұқымыныӊ қазақстандық ешкілерден айырмашылығы - сүтті көп беруінде. Отандық ешкілер күніне көп дегенде 1,5-2 литр ғана сүт беретін болса, заанендіктер күніне 5-6 литр сүт береді. Бүгінде өндірілген ешкі сүтінен айран, қаймақ, құрт, сүзбе және йогурт өнімі шығарылып жатыр. Күніне екі мәрте сауылатын ешкі сүтініӊ литрі 500 теӊге көлемінде саудалануда. Алдағы уақытта кәсіпорын Италия елініӊ жаӊа технологиялы құрылғыларымен қамтылып, сауын процесі мен сүт өӊдеу процесі толығымен автоматтандырылатын болады. Осыныӊ нәтижесінде ірімшік және моцарелла ірімшігін жасауды жоспарлап отыр.

Ешкі сүті - анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарыныӊ ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаныӊ қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардыӊ тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және көздіӊ нашар көруінде пайдалы екен. Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері мен аскорбин қышқылы бар.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бұдан бөлек, "Байдаулет" өндірістік жылыжай кешенінде болды. Негізі 2014 жылы қаланған жылыжай қияр мен қызанақ өндіруге бағытталған. Алғашқыда 0,5 гектар аумақ жерден басталған кешен, бүгінде ауқымы кеӊейіп 2,5 гектарға жеткен. Мұнда 9 жұмысшы жылына 60 тонна өнім өндіріп келеді. Жобаныӊ жалпы құны 15 млн. теӊгені құрайды. Қожалық директоры алдағы уақытта өнім көлемін 700 тоннаға дейін жеткізіп, дайын тауарды Алматы, Қарағанды қалаларына жөнелтуді жоспарлаған.

Жұмыс барысымен танысып шыққан өӊір басшысы, сала басшыларына аудандағы жылыжай шаруашылығын жандандыруды тапсырды.

"Оӊтүстік өӊірі ауыл шаруашылығына өте қолайлы аймақ. Осыны тиімді пайдалануымыз керек. ?сіресе, заманауи технологиялардыӊ көмегімен жылыжай шаруашылығын мықтап қолға алсақ, өнім сапасы мен көлемі артатын болады. Сондықтан да осы мәселені аудан, қала басшыларына үнемі айтып келемін", - деді Жансейіт Түймебаев.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 941

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter