Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыда Астананыӊ 20 жылдығына орай дәстүрлі "Нұрсұлтан шыӊы" альпиниадасы өтті11.07.2018
Спорт  20:58
Алматы. 11 шілде. Kazakhstan Today- Алматыда "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында 9 шілдеде Астананыӊ 20 жылдығына орай дәстүрлі 2А категориялық қиындықта "Нұрсұлтан шыӊы" альпиниадасы өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

5000-нан астам 12 жастан асқан кез- келген қатысушылар 4376 метр биіктікті бағындыруға ниет білдіргенімен, тек 200-ден астамы ғана шыӊға шықты. Қатысушылардын арасында өзге мемлекет қонақтары, сондай-ақ Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әбіл Дөӊбаев да болды.

Альпианиада басталған соӊ артынша "Шымбұлақ" таушаӊғысы курортында скайраннинг спортынан бірнеше жас айырмашылық бойынша Қазақстан чемпионаты өткізілді. 100-ден астам спортшы өз бақтарын сынап көруге тырысты. Солардын бірі, жүлделі орын алған Рауан Әбілханов өз ойымен бөлісті.

"Дайындық тауда емес, қалада өтті. Өзім осы жарысқа жиі қатысамын. Маған жүгірген өте ұнайды. Бүгін өз жасым бойынша бірінші, ал, "абсолютте" үшінші орын алдым. Уақытым 1 сағат 53 минут", - деді әскери институтынын сержанты Рауан Әбілханов.

Барлық жүлдегерлер мен жеӊімпаздар медальдармен, ал альпиниада қатысушылары сертификатпен марапатталды.

Бұл іс-шараныӊ ашылу салтанатында еліміздіӊ белгілі альпинисі Мақсұт Жұмаев қонақтарды Астана күнімен құттықтап, альпинизммен айналысуға кеӊес берді. Артынша бұл мереке әншілердін өнерлерімен жалғасты.

Айта кетер жайт, "Шымбұлақ - Нұрсұлтан шыӊы" альпиниадасы салауатты өмір салтын ұстану және жастар арасында спортты дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 4322

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter