Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Өскемендегі Б.Александров атындағы спорт сарайында волейболдан әйелдер клубтары арасындағы Азия чемпионаты басталды12.07.2018
Спорт  18:58
Өскемен. 12 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Өскемендегі Б.Александров атындағы спорт сарайында волейболдан әйелдер клубтары арасындағы Азия чемпионаты басталды. Аталмыш спорт нысаныныӊ түгелдей заманауи құралдармен жабдықталуы аймақтағы волейбол спортыныӊ даму қарқынын айғақтайды.

Былтыр шаһарда волейбол жарысы ауыз толтырып айтарлық деӊгейде өткен еді. Биыл да Азиялық волейбол конфедерациясы облыс әкімі Даниал Ахметовтіӊ бастамасын қолдай отырып, сайысты екінші рет өткізуді сеніп тапсырды. Аймақ басшысы чемпионаттыӊ алғашқы күні-ақ, бірден екі ойынды тамашалады. Алғашқы дода былтыр чемпион атанған тайландтық "Суприм" мен Қытайдыӊ "Цзяньсу" арасында өтті. Тайланд клубы еш қиындықсыз 3:0 есебімен жас ойыншылардан жасақталған қытайлық "Цзяньсу" командасын тізе бүктірді. Ал келесі ойында өскемендік аруларымыз "Алтай" волейбол ұжымы ирандық "Пайканнан" 3:0 есебімен басым түсті. Шығысқазақстандық арулар ойынныӊ фавориты саналғанмен, ирандықтар жоғары деӊгейлі ойын көрсетуге бекініп келгендіктерін бірден аӊғартты. Олар негізінен допты қабылдау кезінде сауаттылық танытты. Тіпті, біздіӊ ойыншылар әр техникалық үзіліске тек 2-3 ұпай айырмашылығымен ғана шығып жатты. Дегенмен, Юрий Панченко бастаған бұрымдыларымыз ойынды үнемі бақылауда ұстап, қарсыластыӊ адымын аштырмады. Қорытынды есеп - 3:0 (25:18, 25:16, 25:17), сенімді жеӊіс.

- Ойын ойдағыдай өтті деп айта алмаймын, - деді ойын соӊында клуб капитаны Сана Анарқұлова. - Аздаған қобалжу, эмоциялар кедергісін келтірді. Өз алаӊында әр команда тек жоғары деӊгейлі ойын көрсеткісі келетіні белгілі, осыдан барып қателіктер де болып жатады. Келесіде бұдан да жинақы, әрі сапалы ойын көрсетерміз.

Сөзсіз, жиналған жұрт сайыстыӊ ашылу салтанатын асыға күтті. Сегіз шетелдік ұжым, одан бөлек, алаӊ қожайындары шығысқазақстандық "Алтай" командасы кезекпен сап түзеді. Спорт сарайыныӊ үлкен залында ине шаншар орын болмағаны қуантты. Жанкүйерлер барлық қатысушыны зор қошеметпен қарсы алды. Еліміздегі волейбол федерациясыныӊ Президенті Нұртай Абыкаев командаларға сәттілік тілеп, шараныӊ өткізілу деӊгейіне жоғары бағасын беріп өтті.

- Мұндай маӊызы зор жарысты елімізде биыл екінші рет өткізу біз үшін үлкен қуаныш. Одан бөлек, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлыныӊ бұқаралық спортқа деген қолдауы ерекше екені өздеріӊізге де мәлім. Чемпионат соӊына дейін талай тартысты ойындардыӊ кәуәсі боламыз деген сенімдемін, - деді Нұртай Абыкаев.

Айта кету керек, "Алтай" командасыныӊ келесі кездесуі шілденіӊ 13 күні қытайлық Тайпейдіӊ чемпионы "СMFC"-ке қарсы сағат 19:00-де Б.Александров атындағы спорт сарайында өтеді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 1579

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter