16.03.2023, 13:27 52706

Премьер-Министр Қазақстан-Қытай шекарасында көліктердің өтуін жеделдетуді тапсырды

Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" өткізу пунктінде бір тәулік ішінде автокөліктердің өту саны артты
Астана. 16 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" шекаралық өткізу бекеті арқылы жүк көліктерінің, оның ішінде "Қазпошта" желісі бойынша өтуіне кедергілерді жою жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Премьер-Министрге бүгінгі таңда рәсімдеуден өтетін көліктер санын тәулігіне ҚР-дан ҚХР-ға екі есеге жуық, ҚХР-дан ҚР-ға 40%-ға арттыру мүмкін болғаны баяндалды.

Бұл ретте Әлихан Смайылов қысқа мерзімде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік процестерді жеделдетуді талап етті.

Бұдан басқа, кеңесте "Қазпошта" АҚ қызметінің өзекті мәселелері қаралды. Компания басшысы Әсел Жанасова атқарылып жатқан жұмыстар, ағымдағы көрсеткіштер мен халыққа қызмет көрсетудің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ұлттық пошта операторын қолдау және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны