21.03.2022, 17:23 93071

ҚР-да импортталатын тауарларға мемлекеттік тілдегі этикеткаларды бекіту жөніндегі талаптар уақытша алынып тасталады

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.
ҚР-да импортталатын тауарларға мемлекеттік тілдегі этикеткаларды бекіту жөніндегі талаптар уақытша алынып тасталады
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 21 НАУРЫЗ - Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңеске қатысушылар сауда саласындағы техникалық реттеу шараларын талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Атап айтқанда, бизнес-қауымдастық өкілдері импортталатын тауарларға қатысты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі этикеткалар мен қосымшаларды бекіту жөніндегі заңнама талаптарын уақытша алып тастауды ұсынды. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, мұндай шешімді қабылдау этикеткаларды әзірлеуге, оларды көбейтуге және бекітуге қатысты бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
Отырысқа қатысушылардың айтуынша, мұндай шешімді қабылдау этикеткаларды әзірлеуге, оларды көбейтуге және бекітуге қатысты бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
 
Оған балама ретінде сөрелерде тауарлар туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын тауарлық QR-кодтарды уақытша пайдалану ұсынылды. 
 
Өз ұсынысында бизнес-қауымдастық өкілдері Мемлекет басшысына дағдарыстық жағдайлар кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік бақылау, халықаралық міндеттемелерді сақтау шеңберінде және т.б. реттеудің өзге де тәртібін белгілейтін тапсырмалар жүктеуге немесе актілер қабылдауға мүмкіндік беретін Президенттің 2020 жылғы 20 наурыздағы №286 Жарлығының ережелерін басшылыққа алды.
 
Премьер-Министр отандық бизнес өкілдерінің бастамасын қолдап, Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығының жобасын дайындауды, сондай-ақ оны осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының қарауына енгізуді тапсырды. Жедел штабтың келесі отырысы 24 наурызда өтеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны