13.04.2022, 16:39 30086

Сауда министрлігінде азық-түлік бағасының өсу себептері туралы айтылды

Сауда министрлігінде азық-түлік бағасының өсу себептері туралы айтылды
НҰР-СҰЛТАН. 13 СӘУІР - Азық-түлік, атап айтқанда қырыққабат пен картоп бағасының өсу себептері туралы ОКҚ алаңында ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Біріншіден, 2021 жылы Ресейде көкөніс дақылдарының жетіспеушілігі сұраныстың артуына, ең алдымен қырыққабат пен картопқа, сәйкесінше бағаның өсуіне алып келді. Сонымен қатар, қырыққабат бағасының қымбаттауы, әдетте, құбылмалылыққа байланысты болады", - деді комитет басшысы.

 
Оның айтуынша, 2020 жылы отандық фермерлер қырыққабатты көп отырғызды, бірақ пандемияға байланысты көп өнім егіс даласында қалды.
 

2021 жылы фермерлер қырыққабатты аз отырғызды, сондықтан Ресейден сұраныс артып, сәйкесінше, бағалар көтерілді. Бағаның өсу себебі маусымдық фактор болып табылады, бұл сақтау шығындарының өсуіне және қорлардың азаюына байланысты, сонымен қатар қазіргі уақытта Өзбекстан мен Пәкістаннан жаңа өнімдер әкелінді, бұл да бағаның өсуіне негіз болып табылады", - деп атап өтті Әбілдабеков.

 
Ол, сондай-ақ, құрғақшылық салдарынан азықтың қымбаттауы сиыр еті, тауық еті, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуіне себеп болғанын айтты.
 

2021 жылы жанар-жағар майға акциздердің артуы азық-түліктің қымбаттауының себептерінің бірі болды, коммуналдық қызметтер тарифтерінің шамалы өсуі, шикізат, тыңайтқыштар, ветеринариялық препараттар бағасының өсуі логистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуіне де әсер етеді", - деді министрлік өкілі.

 
Оның айтуынша, қаңтар айындағы оқиғалар өнім бағасының артуына септігін тигізді.
 

Қазіргі уақытта қант бағасының өсуі Украинадағы оқиғаларға байланысты әлемдегі геосаяси жағдайға және Ресей Федерациясынан қант экспортына тыйым салуға байланысты. Ресей қанттың негізгі жеткізушісі болды, біз 58% импорттадық", - деді шенеунік. 

 
Ол, сондай-ақ, Қазақстан нарықтық экономикасы бар ел болып табылатынын және "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңға байланысты, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын қоспағанда, тауар бағаларын сауда ішіндегі субъектілер дербес айқындайтынын еске салды. Тізбе 19 тауардан тұрады. Бұл ретте шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе өнім берушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны