23.05.2022, 18:07 9626

Қазақстан Иран арқылы "солтүстік-оңтүстік" бағыты бойынша жүк тасымалын арттыруға мүдделі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жұмыс сапарымен Тегеранға барды.
Қазақстан Иран арқылы "солтүстік-оңтүстік" бағыты бойынша жүк тасымалын арттыруға мүдделі
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 23 МАМЫР - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жұмыс сапарымен Тегеранға барды. Қазақстандық делегация Иран Ислам Республикасының басшылығымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және екі ел арасындағы транзиттік әлеуетті жандандыру мәселелері бойынша келіссөз жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ИИР-дің бірінші Вице-президенті Мохаммад Мохбермен келіссөз барысында қазақстандық тарап Иран аумағы арқылы "Солтүстік-Оңтүстік" бағыты бойынша, кейіннен Парсы шығанағы, Африка, Оңтүстік Азия елдеріне және басқа да өңірлерге, оның ішінде мультимодальдық жүк тасымалдарын пайдалана отырып, жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүдделілігін растады", - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
Қазақстан-Иран көлік ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығы туралы айта келе, Иран тарапы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келіссөздердің жемісті сипатын атап өтті. ИИР бірінші Вице-президенті М. Мохбер осы мақсаттарға қол жеткізу Иран мен Қазақстанды маңызды өңірлік хабқа айналдыра алатынын атап өтті.
 
Екі тарап та соңғы жылдары тауар айналымы өсімінің жақсы серпіні байқалып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Иранмен саудадағы қазіргі халықаралық шектеулер кезінде де әлеует елеулі болып қалуда. Мысалы, тамақ өнеркәсібінде Қазақстан астық, кондитерлік және ұн өнімдерінің, ет және ет өнімдерінің, сондай-ақ жануарлардан алынатын басқа да өнімдердің экспортын ұлғайтуға дайын. Бұл ретте, Қазақстанда Иран жеміс-көкөніс өніміне сұраныс бар.
 
Келіссөздер барысында тараптар өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін де талқылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды, мысалы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар екені атап өтілді.
 
Ирандық инвесторлардың қатысуымен Қазақстан аумағында ет комбинатын салу, майлы дақылдарды қайта өңдеу және астық жинау комбайндарын құрастыру және т.б. жобалар табысты іске асырылды.
 
Иран тарапы сауда миссияларымен, өнім көрмелерімен және жетістіктермен алмасу екі елдің жеке секторы мен кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны