21.06.2022, 15:21 15946

Қазақстандықтарда жылжымайтын мүлікті ЭЦҚ-сыз тіркеу мүмкіндігі пайда болды

Электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе интернетке қолжетімділігі жоқ клиент құрылыс компанияның кеңсесінде офлайн режимде жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасай алады.
Қазақстандықтарда жылжымайтын мүлікті ЭЦҚ-сыз тіркеу мүмкіндігі пайда болды
НҰР-СҰЛТАН. 21 МАУСЫМ - Электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе интернетке қолжетімділігі жоқ клиент құрылыс компанияның кеңсесінде офлайн режимде жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасай алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ХҚО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды. Бұл жоба әзірге Астана, Алматы және Шымкент қалаларында енгізілді.
 

ХҚО арқылы көрсетілетін қызмет құны 7 100 теңгені құрайды, ал нотариустарда ол 6 есе қымбат", - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметінде.

 
2022 жылдың соңына дейін бұл жобаны енгізетін құрылыс компанияларының тізімін кеңейту жоспарланып отыр.
 
Компанияда осыдан бір апта бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Отбасы банк" АҚ-мен ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, Blockchain технологиясы арқылы тұрғын үйді жалға беру шартын онлайн рәсімдеу жобасын іске қосқанын еске салды.
 

Егер бұрын клиенттер тізімдегі құжаттарды жинап, оны әкімдікке өткізген соң тағы 15 жұмыс күн күтетін. Ал жаңа қызметтің арқасында бүкіл процесс 2 сағаттай ғана уақыт алады", - деді баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны