15.08.2022, 15:30 8761

"Нұр-Жолы" пункті арқылы Қытайға тауар экспортының жеңілдетілген нормалары ұсынылды

"Нұр-Жолы" пункті арқылы Қытайға тауар экспортының жеңілдетілген нормалары ұсынылды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 15 ТАМЫЗ - Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі ҚХР-ға "Нұр-Жолы" автомобиль өткізу пункті арқылы тауарлар экспортын жеңілдетілген өткізу туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, операция жасау үшін мыналар қажет:
 
- жалға алынған жүк көлігін сайтта электронды брондау жүйесінде тіркеу. ҚХР талаптарына байланысты көлік құралы ҚХР визасымен жүргізушінің басқаруымен жартылай тіркемесі бар ершікті тартқыш типті болуы тиіс;
 
- "KTZ Express" АҚ-KTZE Commerce" филиалына тиісті өтінішпен жүгіну (өтініш үлгісі Қосымшада берілген), сондай-ақ экспорттық декларацияның көшірмесін ұсыну қажет. Көрсетілген құжаттарды Алматы қаласы, Көктем-1 шағын аудан, 15а үй, 4 қабат немесе "Нұр Жолы" өткізу пунктінің КЛО орналасқан филиалдың агенттік пункті, каб. № 233/2 мекенжайына ұсыну қажет;
 
- Жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін "KTZ Express" - KTZE Commerce" АҚ филиалының қызметкерлері аталған АКҚ-ын ҚХР-ға қарай жол жүруге жібереді.
 
Толығырақ ақпарат ҚР СИМ сайтында.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны