21.09.2022, 15:53 22396

Қазақстанда қант импорты ҚҚС-тан босатылуы мүмкін

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында салық мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
Қазақстанда қант импорты ҚҚС-тан босатылуы мүмкін
Сурет: Pixabay.com
АСТАНА. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Қант өндірушілерге қосылған құн салығы бойынша жеңілдік мерзімі ұзартылмақ. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында салық мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
 
Министр қант өндірісін ынталандыру үшін қант құрағы импортын қосылған құн салығынан босату, сондай-ақ қант өндірушілер үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту ұсынылып отырғанын айтты. 
 
Бұдан бөлек балық өңдеушілерге қосылған құн салығын 70 пайызға азайту туралы норма ұсынылады.
 

Түзетулердің келесі блогы отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған. Балық аулау кәсіпорындары балық өңдеген кезде қосылған құн салығын 70 пайызға азайту туралы норма ұсынылады. Қазір мұндай жеңілдікті балық өсіруші қожалықтар қолданады", - деді Ә. Қуантыров. 

 
Келесі норма тазартылған алтынды сатуға қатысты.
 

Қазір Ұлттық банкке мұндай алтынды сату қосылған құн салығынан босатылады. Осы норманы алтынды зергерлерге де сату кезінде қолдану ұсынылады", - деп нақтылады министр.

 
Атап айтқанда, бүгін палата депутаттары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр. Құжат Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді. 

Қазақстанда қанттың ең төменгі бөлшек сауда бағаларын енгізуді ұсынылды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны