24.11.2022, 18:01 23811

ҚНРДА-да несиелік рақымшылық және несиелердің барлық түрлері бойынша есептен шығару туралы жалған мәліметтер жоққа шығарылды

ҚНРДА-да несиелік рақымшылық және несиелердің барлық түрлері бойынша есептен шығару туралы жалған мәліметтер жоққа шығарылды
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік рақымшылық жасау және қарыздарды кешіру мәселелері бойынша дәйексіз ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚР ҚНРДА баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде "кредиттік рақымшылық" жүргізілді және қарыздардың барлық түрлері есептен шығарылды-мыс деген ақпарат мерзімді түрде таратылуда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды адастыру және олардың қаржылық жағдайын қиындататын әрекеттерге итермелеу мақсатында таратылатын ақпараттың дәйексіздігі туралы мәлімдейді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Ақпаратта кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарды қолдау үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілгенін атап өтілді.
 

Кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініші қаралады және проблемалық берешекті қайта құрылымдау шарттары ұсынылады", - деп нақтылады агенттікте.

 
Қарызды қайта құрылымдау шарттары:
 
  • сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
  • төлемді кейінге қалдыру;
  • өтеу әдісін өзгерту;
  • қарыз мерзімін ұлғайту;
  • мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді жою және т.б. түрінде болуы мүмкін.
 

Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау шарттары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол кредитордың жауабын алған күннен бастап 15 күн ішінде Агенттікке жүгінуге құқылы. Бұл ретте қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға өзінің өтінішін растауды және өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуді міндетті түрде ұсынуға тиіс. Берешекті реттеу туралы шешім қарыз алушының қаржылық жай-күйін және оның қаржы ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі мүмкіндіктерін терең талдау негізінде жеке тәртіппен қабылданады", - деді ҚНРДА-да.

 
Сонымен бірге агенттік Қазақстанда 2004-2009 жылдар аралығында теңгемен ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға көмек көрсету үшін ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатқандығы туралы қосымша хабарлайды. Бағдарлама шеңберінде жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша қарыз бойынша негізгі борышты қайта қаржыландыру жүргізіледі.
 
Агенттік азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден басшылыққа алуды сұрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны