22.10.2021, 20:52 79141

Қазақстанда 15,8 млн гектар астық жиналды

НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚАЗАН - Ағымдағы жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша, 15,8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 99,7% жиналды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 млн тонна өнім бастырылды, оның 11,8 млн тоннасы бидай. Сондай–ақ 1,6 млн тонна майлы дақылдар, 3,8 млн тонна картоп, 4,6 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды", - деді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
Негізгі астық егетін өңірлер - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 млн га жиналды, бұл олардың жалпы жинау алаңының 100%-ын құрайды. Орташа өнімділік 8,8 центрді құрап, 10,1 млн тонна бастырылды. 
 
Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі бекітілді. 2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша шілде-қазан айларының кестесіндегі 396,5 мың тоннаның 370,1 мың тоннасы (93%) тиелді.
 

Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,4 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындары 12,8 млн тонна, ауыл шаруашылығы өндірушілері 16,6 млн тонна. 15 қазандағы жағдай бойынша 3,5 млн тонна астық сақтауға жөнелтілді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Жалпы егін жинау болжанған көлемде аяқталды. Жиналған дақыл сапасының жоғары көрсеткіштерін атап өткен жөн. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша қалған көлем қазан айының соңына дейін жиналады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны