01.12.2022, 13:39 21341

Қазақстандағы инфляция қараша айында 1,4%, жыл басынан бері 18,9% құрады

Жылдық мәнде инфляция 19,6% құрады
Қазақстандағы инфляция қараша айында 1,4%, жыл басынан бері 18,9% құрады
Астана. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қараша айында айлық инфляция деңгейі қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құрады. Қазанға қарағанда өткен айда азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%-ға, ал ақылы қызметтер 0,8%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы.
 

Азық-түлік тауарларының ішінде қияр - 41,5%, қызанақ - 26,1%, жұмыртқа - 6,7%, пияз - 5,9%, күріш - 3,5%, қаймақ - 3,4%, жаңа піскен жеміс - 3%, тұздалған майшабақ - 2,7%, айран - 2,5%, сүт - 2,4%, кондитерлік өнімдер - 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады. Сәбіз - 2,9%, құмшекер 1,9% арзандады", деп хабарлайды бюро.

 
2022 жылдың қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті. Дизель отыны - 13,9%, тас көмір - 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдарының бағасы 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлардікі - 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдары 1,6% өсті.
 
Ақылы қызметтердің баға деңгейі өткен айда 0,8% өсті. Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,7%, монша қызметтеріне - 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтеріне - 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге - 1,7%, қонақ үй қызметтеріне 1% құрады.
 
Инфляция 2022 жылғы қарашада жылдық есептеуде 19,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 18,6%, ақылы қызметтердікі 14,1% өсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны