21.04.2020, 18:54 14457

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы

Автомобиль көлігі саласында 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің құрылысы жоспарлануда.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы

Мемлекеттік бағдарламада 2025 жылға дейін жалпы сомасы 5,5 триллион теңгені құрайтын 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қарастырылған.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарға сәйкес Мемлекеттік бағдарламада көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер анықталған.

Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жолдың құрылысы және реконструкциясы (оның ішінде 3,8 мың шақырым өтпелі жобалар), республикалық желідегі 11 мың шақырым автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеу жоспарланған.

Автожол саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 3,5 трлн. теңгені құрайды

Республикалық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 100%-ға дейін жеткізіледі, I және II техникалық санаттағы жолдардың ұзындығы 60%-ға дейін, ақылы жолдардың үлесі 45%-ға дейін ұлғаяды, жол бойындағы сервис объектілерімен 100%-ға қамтамасыз етіледі.

2020 жыл - жаңа бағдарламның іске асырудың алғашқы жылы.

Автожол саласында биыл жөндеу жұмыстарымен республикалық және жергілікті маңызы бар 9,5 мың шақырым автожолды қамту жоспарланып отыр.

Автожол саласының 2020 жылға арналған бюджеті 680 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық желі - 421 млрд. теңге және жергілікті желі - 259 млрд. теңге.

Республикалық желі бойынша құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен 4 мың шақырым автожол қамтылады.

Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 1,5 мың шақырым жол қамтылып, оның ішінде 1,1 мың шақырымында жұмыстар аяқталады.

Жыл соңына дейін 5,7 мың шақырымға төлем жүйелерін орнату, 158 қызмет көрсету нысанын ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру, санитарлық-гигиеналық қондырғылармен (СГҚ) қамтамасыз етілген 23 жанармай құю станциясы салынды, сондай-ақ 62 санитарлық-гигиеналық қондырғы бөлек орнатылады.

Жыл қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін тиісінше 89%-ға және 75%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Жыл қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автожол учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған.

Жобаларды уақытылы іске асыру үшін барлық дайындау жұмыстары жүргізілді.

Техника мен құрылыс материалдары дайындалды.

Барлық қолданылатын материалдардың негізгі бөлігі - отандық өндіріс өнімдері.

Наурыз айының соңында оңтүстік өңірлерде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Ауа-райының қолайлы жағдайына байланысты жұмыс солтүстік өңірлерге жылжытылатын болады және сәуір айының соңына дейін барлық жобаларда құрылыс жұмыстары басталады.

Құрылыс алаңдарының барлығында мамандарды короновирустан қорғау үшін қажетті шаралар қабылданды. Барлық қызметкерлер жеке қорғаныс

құралдарымен қамтамасыз етілді.

2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 27 мың шақырымнан астамын жөндеу жоспарланып отыр. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95%

пайызын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл мақсатқа 2020 жылы 259 млрд. теңге көзделген, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға 201,4 млрд. теңге, Нұр-Сұлтан және Алматы

қалаларының жер учаскелерін сатып алуға 4,1 млрд.теңге көзделген.

Жыл соңына дейін 4 мың шақырым жолды жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған. 350 жол жобалары іске асырылады, 30,5 мың адам жұмыспен қамтылады.

Азаматтық авиация саласында коронавирус пандемиясына байланысты бүгінгі таңда, өкінішке орай, ішкі (100%) және халықаралық (98%) авиарейстер тоқтатылды.

Бірақ қалыптасқан жағдайға қарамастан, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жолаушылар ағыны көрсеткішінде өсім болды. Есепті кезеңде тасымалданған

жолаушылар саны 1,7 млн. адамды құрады, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңнен 5,2 % артық.

Биыл біз Түркістан қаласындағы жаңа халықаралық әуежай мен Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Үржар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту басталады.

Қаржы бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың тағы екі ұшу-қону жолағын да қайта жаңарту басталады.

Алдағы 5 жылда 13 әуеайлақ салу көзделіп отыр. Бүгінгі таңда жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы жұмыс істейді.

Әуе тасымалы тоқтатылған сәтке дейін Қазақстанның 26 шетел мемлекетімен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасы болғанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласы өкілдерінің болжамы бойынша жалпы алғанда авиация саласындағы операциялық кірістердің төмендеуі жыл соңына дейін шамамен 300 млрд. теңгені құрауы мүмкін.

Теміржол көлігі саласында 2025 жылға қарай магистральдық теміржол желісінің тозуын 49%-ға, локомотивтерді 58%-ға дейін төмендету

жоспарлануда.

6 жыл ішінде 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Биыл 50 вагон сатып алынады, бюджеттік несиеге 20,0 млрд. теңге бөлінді.

Жылжымалы паркті жаңартуға 657 млрд. теңге тарту жоспарлануда, оның ішінде 455 млрд. теңгесі жеке инвестициялар екенін атап өту керек

Автомобиль көлігі саласында 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің құрылысы жоспарлануда.

Бүгін Министрлік отандық автомобиль тасымалдаушыларының халықаралық нарықтағы үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Ағымдағы жылы жолаушылар тасымалы өткен жылға қарағанда 2,5% 266 738 млн жолаушы-шақырым) және жүк айналымы 1,5%-ға артады деп жоспарланып отыр.

Ұлттық стандартқа сәйкес келетін автовокзалдар мен автостанциялар санын көбейту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәсіпкерлер

үшін ынталандыру шаралары әзірленуде.

Су көлігі саласында 2025 жылға дейін 2 паром және 4 құрғақ жүк кемесін сатып алу жоспарлануда, бұл ары қарай жүк ағыны көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ

Каспий теңізіндегі қазақстандық флоттың қатысуын 35%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, апаттық жағдайды 10,3%-ға дейін төмендету және шлюздердің өткізу қабілеттілігін жылына 350 кемеге дейін арттыру үшін 2025 жылға дейін жеткізу құлыптарын күрделі жөндеу жоспарланған (жобаның жалпы құны - 10,5 млрд. теңге).

Ағымдағы жылы осы мақсаттарға темірбетон конструкцияларын (ауданы 18 мың м2) және жүк көтергіш техниканы (6 дана) жөндеуге 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны