13.01.2023, 15:52 33316

КҚК 2022 жылы Қазақстаннан 52 млн тоннадан астам мұнай айдады

КҚК теңіз терминалы мұнайды 527 мұнай құю кемесіне ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті
КҚК 2022 жылы Қазақстаннан 52 млн тоннадан астам мұнай айдады
Сурет: cpc-online.ru
Астана. 13 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Каспий құбыр консорциумы 2022 жылы Қазақстаннан 52,2 млн тонна мұнай айдады, деп хабарлайды КҚК баспасөз қызметі.
 
Николай Горбань Теңіз - Новороссийск құбыр жүйесі арқылы өткен жылы 58,7 млн тонна мұнай тасымалданғанын, соның ішінде 52,2 миллион тоннасы Қазақстан Республикасы аумағынан жөнелтілгенін атап өтті.
 
Бұл ретте Қазақстанның ірі кен орындары - Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ КҚК құбыр жүйесіне сәйкесінше 29, 12 және 10 млн тонна мұнай тапсырған. КҚК Теңіз терминалы 527 мұнай құю кемесіне мұнай тиеуді қамтамасыз етті.
 

2023 жылғы пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты КҚК бас директоры Консорциумның Осал жерлерді жою бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде пайда болған қосымша мұнай өткізу қуаттылығы арқылы көмірсутегі шикізатының артық көлемін тасымалдауға толықтай дайын екенін атап өтті", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Николай Горбань Қазақстан Республикасының энергетикалық ведомствосы басшысына КҚК жұмысына әсер етуі мүмкін болған компанияның Ресей Федерациясы аумағындағы нысандарына 2022 жылы бақылаушы және қадағалаушы органдар жүргізген тексеру қорытындылары туралы, сондай-ақ тексеру нәтижелері мен ескертулерді жою бойынша орындалған іс-шаралар жөнінде хабарлады.
 
КҚК нысандарына шетелде өндірілетін жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жеткізу мәселесі кездесудің маңызды тақырыптарының бірі болды.
 
Бас директор министрге Консорциум мамандарының бұл салада үлкен зерттеулер жүргізгенін, соның ішінде қажетті жабдықтар мен механизмдерді Ресей Федерациясы аумағында орналасқан балама өндірушілерден сынақтық сатып алулар жасалғанын айтты.
 
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Консорциум акционерлері арасында КҚК Теңіз терминалынан мұнай тиеу кестесін жасау кезінде ақпараттармен алмасу схемасын, сондай-ақ тиісінше цифрлық ресурсқа қолжетімділік жүйесін талқылады.
 
Кездесу соңында қатысушылар КҚК-ның Қазақстан Республикасы Атырау облысы аумағындағы өндірістік нысандарын энергиямен жабдықтаудың кейбір мәселелері туралы ой бөлісті.
 
Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай және газ саласын дамыту жөніндегі шаралар, сондай-ақ 2022 жылғы энергетика саласының негізгі көрсеткіштері және 2023 жылға арналған міндеттер туралы айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны