06.06.2022, 14:11 8731

Энергетика министрлігі 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы туралы ескертті

Газ саласын дамытудың негізгі тежеуіш факторы бағаны ұстап тұру саясатына байланысты.
Энергетика министрлігі 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы туралы ескертті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАУСЫМ - 2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті. 
 

Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22 орында, ал ТМД елдері арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін үшінші орында. Табиғи газды кеңінен пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, әлемдік экономикада оның маңызы зор. Ел ішінде газ тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңде тұтыну 13,8-ден 18,6 млрд текше метрге дейін, яғни 4,8 млрд текше метр деңгейінде өсті. Газ тұтыну өсімі шамамен 35 пайызды немесе жыл сайын орта есеппен 7 пайызды құрады", - деді Б. Ақшолақов. 

 
Оның айтуынша, газ саласын дамытудың негізгі тежеуіш факторы бағаны ұстап тұру саясатына байланысты. 
 

Осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік болуы мүмкін", - деді министр.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны