28.11.2024, 18:12 68761
2025 жылы 1 қаңтардан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнайды экспортқа тасымалдауға тарифтері көтеріледі
Мұнайды сенімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін "ҚазТрансОйл" АҚ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметке тарифті 1 150 теңгеге 1000 км-ге 1 тоннаға 11 300 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) арттырады, деп хабарлайды "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ-ның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтерге тарифтері өзгереді.
Атап айтқанда, "Мақат" мұнай айдау станциясындағы мұнайды "Кеңқияқ - Атырау" мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 152,73 теңгеге ұлғайып, 2 436 теңгені құрайды.
Кеңқияқ" бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі қызметке тариф 402,5 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 740 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
Атасу" бас мұнай айдау станциясындағы мұнайды "Атасу - Алашанькоу" мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 93,87 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 380 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.05.2025, 17:37 11631
Сарапшылар инфляция мен базалық мөлшерлеме бойынша болжамдарын қайта қарады
Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Brent маркалы мұнайдың бағасы, ЖІӨ, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы - сауалнаманың негізгі параметрі болды.
Мұнай бағасы мен экономикадағы өсім
Осы жылдың мамыр айында сауалнамаға қатысқандар мұнай бағасына қатысты сценарийлік шарттарды қайта қарады. 2025 жылға Brent маркалы мұнайдың медианалық бағасы 75,0-тен 69,3 АҚШ долларына дейін төмендеді. 2026 және 2027 жылдарға арналған күтулер тиісінше 66,0 және 66,2 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтанды.
Қазақстан экономикасының 2025 жылға арналған өсу қарқыны бойынша болжамдары 4,7%-тен 5,0%-ке дейін жоғары қарай қайта қаралды. 2026 және 2027 жылдарға арналған күтулер өзгеріссіз қалды - тиісінше 4,5% және 4,3%.
Инфляция және базалық мөлшерлеме
Сауалнамаға қатысқандардың инфляциялық күтулері жоғарылау үрдісін жалғастыруда. 2025 жылға арналған болжам 10,6%-тен 10,7%-ке, 2026 жылға - 9,0%-тен 9,4%-ке, 2027 жылға - 6,1%-тен 6,8%-ке дейін көтерілді.
Инфляция бойынша болжамдардың өзгеруіне байланысты базалық мөлшерлемеге қатысты күтулер де қайта қаралды. 2025 жылдың соңына арналған медианалық болжам 15,9%-тен 16,3%-ке дейін, 2026 жылға - 14,3%-тен 14,5%-ке дейін, 2027 жылға - 11,5%-дан 12,0%-ға дейін көтерілді.
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің құрамы туралы
Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 14 ұйым қатысты. Респонденттердің арасында нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 16:23 12346
Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылады
Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
29 мамырда Сиань қаласынан "Сиань - Алматы" бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шығады. Бұл бастама "Орталық Азия - Қытай" II саммиті аясында ұйымдастырылып отыр.
Пойыз Алматыға 31 мамырда жетеді деп жоспарланған. Қонақтар еліміздің оңтүстік астанасында 5 күн болады. Делегация құрамында 250-ден астам адам бар: мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина және спорт саласының өкілдері мен туристер. Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді.
Қонақтар үшін арнайы мәдени және іскерлік бағдарлама дайындалған:
- ресми қарсы алу рәсімі;
- "Шэньси - Алматы" апталығының ашылуы;
- жәрмеңкелер, симпозиумдар мен іскерлік кездесулер;
- Алматының көрікті жерлеріне экскурсиялар.
Туристік пойыздың кері бағыттағы сапары 5 маусымға жоспарланған.
Бұл жоба Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформалар комитетінің бастамасымен, ҚР Туризм және спорт министрлігі, "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы, "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы, Сыртқы істер министрлігі, Көлік министрлігі, Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының Туризм басқармасы және отандық туроператорлардың қолдауымен жүзеге асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 11:15 12581
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
Премьер-министр Олжас Бектенов екі елдің бизнес-қоғамдастығының 300-ден астам өкілі қатысқан Қазақстан-Франция инвестициялық форумын ашты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Форумның күн тәртібінде сауда-экономикалық қатынастарды, көлік, энергетика және өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық, қалаларды тұрақты дамыту және қалалық ортаның сапасын жақсарту, сондай-ақ ТКШ және туризм салаларын нығайту мен әртараптандыруға арналған кең ауқымды мәселелер тұр.
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 31%-ға артып, $5,5 млрд рекордтық көрсеткішке жетті, оның ішінде экспорт көлемі $3,6 млрд-ты құрады. Қазақстандағы француз инвестициясы $20 млрд-қа жақындады, елімізде француз капиталының қатысуымен 200-ден астам компания белсенді жұмыс істеп келеді.
Бүгінде Қазақстан Франция үшін жетекші серіктес саналады, Орталық Азия елдерімен барлық сауданың 80%-ға жуығы оның үлесіне тиесілі.
Форумды ашқан Премьер-министр Олжас Бектенов екі мемлекет басшылары деңгейіндегі сенімді қарым-қатынастар нәтижесінде екіжақты байланыс стратегиялық әріптестіктің кеңейтілген деңгейіне көтерілгенін атап өтті.
Франциямен ынтымақтастық - Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі және Еуропалық Одақ шеңберіндегі серіктестігіміздің ажырамас бөлігі. Біздің елдеріміз берік саяси байланыстармен, белсенді үкіметаралық және парламенттік диалогпен, сондай-ақ қарқынды сауда және инвестициялық өзара іс-қимылмен ерекшеленетін берік әрі көпқырлы серіктестікке ие", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 1 ГВт болатын Тotal Energies компаниясымен жел электр стансасын салу, Alstom компаниясы ұсынған өндірісті оқшаулау және теміржол секторына жаңа инвестиция, Air Liquide компаниясының Павлодар МХЗ-дағы сутегі энергетикасы бойынша жобасы, Danone, Lactalis және Lidea және т. б. қатысуымен тамақ және сүт өнеркәсібін дамыту сияқты негізгі бірлескен жобаларға тоқталды.
Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға және ЖИ, фармацевтика, туризм және су ресурстарын басқару сияқты секторлардағы ынтымақтастыққа мүдделі.
Сондай-ақ Астана мен Алматыда француз мектептерінің ашылуы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Lumière орталығының және Лотарингия университеті филиалының жұмысын қоса алғанда, білім беру және ғылыми кооперациядағы ілгерілеушілік атап өтілді.
Олжас Бектенов Қазақстан шетелдік әріптестер үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасауға толық ниетті екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан ұсынып отырған инвесторлар үшін мүмкіндіктерге, құқықтық кепілдіктер, салықтық жеңілдіктер, арнайы экономикалық аймақтарға және АХҚО-ға назар аударылуда.
Форум Қазақстан мен Франция президенттері арасындағы уағдаластықтарының іс жүзіндегі жалғасы болуға және іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға және екі елдің бизнесі арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Іс-шара қорытындысы бойынша энергетика, көлік, денсаулық сақтау және су ресурстары салаларындағы келісімдерді қоса алғанда, бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 09:41 21496
ChatGPT Қазақстанда ҚҚС төлеуші болды
ChatGPT Қазақстанда ҚҚС төлеуші болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
2022 жылдан бастап Қазақстанда цифрлық қызметтерге салық - "Google салығы" сәтті енгізілді. Бұл шара ел нарығында жұмыс істейтін трансұлттық ІТ-компанияларға әділ салық салу жолындағы маңызды қадам болды.
Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл - жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі.
ChatGPT - бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. GPT (Generative Pre-trained Transformer) тілдік моделі негізінде жұмыс істейді және келесідей мүмкіндіктерге ие:
сұрақтар мен өтініштерді түсіну;
мағыналы әрі қисынды жауаптар құрастыру;
аударма, хат жазу, кодтау, оқу және басқа да салаларда көмек көрсету.
ChatGPT-ті виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады.
Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейтін болады.
Комитет цифрлық секторда ашықтықты қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау және тиімді салық салу бағытында жұмысын жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2025, 18:30 29226
Қазақстан сегіз жылдан кейін Вьетнамға астық жеткізуді қайта бастады
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы көлемі 15 мың тонна қазақстандық жоғары сапалы бидайдың бірінші партиясын Вьетнамға жөнелтуді бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Контейнерлік пойыз Ақмола облысының астық қабылдау кәсіпорындарынан жөнелтіледі. Жеткізу мультимодальды схема бойынша жүзеге асырылады: алдымен, астық теміржол бойынша Достық - Алашанькоу шекара өткелі арқылы Қытайдың Ляньюнган халықаралық теңіз портына жеткізіледі, содан кейін теңіз кемелеріне тиеліп, Вьетнамның Hai Pong портына жіберіледі.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев атап өткендей, астықты Вьетнамға жөнелту компания үшін тарихи маңызға ие. Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу экспорттық бағыттарды әртараптандыру және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға ілгерілету жөніндегі стратегияны іске асыруда маңызды кезең болады.
Соңғы бес жылда ұлттық оператор Қазақстан үшін басым нарықты бекіту мақсатында Қытайға жыл сайын 200 мың тоннаға жуық астық жеткізді. Биыл біз жеткізу географиясын кеңейту арқылы экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде Марокко Корольдігіне 60 мың тонна азық-түлік бидайы жөнелтілді. Оңтүстік-Шығыс Азияға келетін болсақ, бұл нарық жоғары әлеуетке ие және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін перспективалы болып табылады", - деп атап өтті Асылхан Джувашев.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық астықтың Вьетнамға соңғы жөнелтілуі 2017 жылы болды. Содан кейін жеткізу көлемі небәрі 720 тоннаны құрады.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы алыс шетел нарықтарындағы позицияларды нығайтуға бағытталған экспорттық саясатты қалыптастыруда. Назарда - Еуропалық одақ елдері, MENA аймағы (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка), сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2025, 17:42 28971
Бектенов КҚК басшысымен қазақстандық мұнайды тасымалдау мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань мұнай тасымалы саласындағы әріптестік мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Онда қазір жүзеге асып жатқан және перспективалы инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы және "Теңіз-Новороссийск" мұнай құбырын жаңғырту қарқыны қаралды.
Халықаралық консорциум басшысы 2024 жылдың қорытындысы туралы ақпарат берді.
Николай Горбань "Кропоткинская" мұнай айдау стансасында қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны және іске қосылғаны туралы баяндады. "ҚазТрансОйл" АҚ мен КҚК әріптестігі аясында 2024 жылы КҚК мұнай құбыры желісі мен "ҚазТрансОйл" АҚ-ның Т.Қасымов атындағы мұнай айдау стансасын байланыстыратын жаңа құбыр құрылысы және оны іске қосу жобасы жүзеге асырылды.
Бүгінде айдау көлемін жылына 67 млн тоннадан 81,5 млн тоннаға дейін, оның ішінде қазақстандық учаске бойынша жылына 53,7 млн тоннадан 72,5 млн тоннаға дейін арттыруға техникалық мүмкіндік қамтамасыз етілді. КҚК мұнай құбырының "тар" тұстарын жою жобасын іске асыру нәтижесінде биылғы қазан айында мұнай жөнелту көлемін 1 млрд тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Олжас Бектенов Үкімет КҚК мұнай құбырының үздіксіз жұмыс істеуі мәселесіне ерекше назар аударып отырғанын баса айтты. Жүйе қазақстандық мұнай экспорты бойынша маңызды артерия саналады. Осыған байланысты қазақстандық тарап қажетті қолдау көрсетеді.
Кездесу барысында консорциумның әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді. КҚК Қазақстанда бірқатар әлеуметтік жобаны іске асыруда, оның ішінде Атырау қаласында 900 орындық мектеп салуда. Өткен жылы әлеуметтік жобаларға барлығы 4,4 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы білім беру және медициналық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін шаралар жоспарлануда.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимыл бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту ниеттерін
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2025, 11:50 33101
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 4,11 трлн теңгеге ұлғайды
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 23,10 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,11 трлн теңгеге немесе 21,7%-ға артты, деп хабарлайды БЖЗҚ-ның баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 1 мамырына міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,05 трлн теңге. 12 айдағы өсімі - 20,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары - 661,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім - 10,5%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі 8,38 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 мамырына 374,30 млрд теңге болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 18:44 51216
Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспарлануда
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Дания Корольдігінің Ресей Федерациясындағы, Қазақстан Республикасындағы және Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін (қоса атқарушы) Йеспер Вармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды талқыланды.
Қазақстанда қуаты жылына 340 млн литр сусын, жалпы құны $250 млн-нан астам, 500 жұмыс орнын ашу көзделген алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу бойынша Carlsberg Group пен PepsiCo компаниясының бірлескен жаңа жобасын іске асыру жоспарлануда.
Дания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Й. Вар жоғары технологиялық өндірістік кешенді құру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын едәуір арттыруға, ілеспе салалардың дамуын ынталандыруға, отандық тауар өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын ашуға, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретініне сендірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.05.2025, 13:19Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек 29.05.2025, 14:22 11331Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда - ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді29.05.2025, 14:28 10891Алматы әкімі жылыту маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындау барысымен танысты29.05.2025, 14:34 10651Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр29.05.2025, 09:35 10406Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады
23.05.2025, 13:56 122406Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 120956Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 119371Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 118316Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары23.05.2025, 15:26 116531Қазақстанда жыл басынан бері балалардың құқықтарын бұзудың 171 жағдайы анықталды
08.05.2025, 14:24 149696Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 148176"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 146371Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 17:45 137986Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады08.05.2025, 18:01 136871Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда