07.10.2022, 16:58 11996

Қазақстанда бір жыл ішінде пәтер бағасы 25%-дан астам өсті

Қазақстанда бір жыл ішінде пәтер бағасы 25%-дан астам өсті
АСТАНА. 7 ҚАЗАН - Қазақстанда бір жылда (2022 жылғы қыркүйек 2021 жылғы қыркүйекке) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 25,9%, жаңа тұрғын үйлердікі 17,7% өсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің тізімін Қызылорда (45%), Ақтөбе (44,3%), Өскемен (40,4%), Талдықорған (38,8%), Ақтау және Астана қалалары (38,4%) бастап тұр.
 
Ал бағаның ең аз өсімі Түркістан (12,2%) мен Атырау қаласына (13,3%) тиесілі.
 
Өңірлік бөліністе жаңа салынған үйлердің бағасы жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Қостанайда – 27%, Астанада – 26,6%, Өскеменде – 25,3%, Көкшетауда – 20,3% және Ақтауда 19,3% қымбаттады.
 
Дәл осы нарықтағы бағаның болмашы өсімі Павлодарда (0,9%) және Талдықорғанда (1,8%) тіркелді.
 
Республика бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйді сату бағасы бір шаршы метр үшін 426 813 теңгені, пәтерді қайта сату - бір шаршы метр үшін 474 877 теңгені құрады (2022 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша деректер).
 
Бұған дейін Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру бағасы 47%-дан астамға өскені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Бағапәтер

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны