24.01.2023, 08:58 8651

Банктер депозиттер бойынша өтемақы төлеуге 300 млрд теңгеге астам өтініштер қабылдады

Өтемақы төлеуге өтініштерді 10 ақпанға дейін беруге болады
Банктер депозиттер бойынша өтемақы төлеуге 300 млрд теңгеге астам өтініштер қабылдады
Астана. 24 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 20 қаңтарындағы жағдай бойынша банктер теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеуге 304,4 млрд теңгеге өтініштер қабылдады. Бұл мемлекет тарапынан төленуге жататын өтемақының әлеуетті сомасының 92,3%-ын құрайды, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, өтемақы төлеуге өтініш беру мерзімі ұзартылды. Енді салымшылар банктерге соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 10 ақпанына дейін жүгіне алады.

ҚДКБҚ-да 5 миллионнан астам депозиторлардың салымдары өтемақы төленуге жататындығы атап өтілді. Статистика бойынша депозиттерінде 1 миллион теңгеден астам ақшасы бар азаматтардың 94%-ы өтемақы алуға өтініш берген.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкі әзірлеген бағдарламаның Қағидаларына сәйкес келетін барлық депозиттерге, олардағы ақша қалдығының мөлшеріне қарамастан, сыйлықақы есептелетіндігін еске салғымыз келеді. Банктерге барып, өтемақы алуға келісімін әлі растамаған депозиторлар соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 10 ақпанына дейін келісімін растай алады. Өтінішті банктердің бөлімшелерінде немесе мобильді қосымша арқылы онлайн түрінде беруге болады. Банктер өтемақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. 10%-дық өтемақы есептелуі мүмкін максималды сома бір банкте 20 млн теңгені құрайды", - деді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.


ҚДКБҚ естеріңізге салады, сыйлықақы алудың басты шарты - салым соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақталуы тиіс. Өтемақы депозитте жыл барысында сақталған ең аз сомаға есептелетін болады.

Салымшылар төлем рәсімі бойынша қосымша ақпаратты салым орналасқан банктерден біле алады немесе сауалдарын [email protected] поштасына, @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауларына болады немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ-ның байланыс орталығына хабарласа алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны