24.02.2021, 22:43 12519

61 мыңға жуық адам зейнетақы аннуитеті шартын жасаған

Нұр-Сұлтан. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдың 2 қаңтарында Мемлекет басшысы қол қойған экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заңмен зейнетақы аннуитеті сияқты сақтандыру өнімімен қамтамасыз ету ережелеріне елеулі түзетулер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Біріншіден, зейнетақы аннуитеті бойынша ең төменгі төлем мөлшерінің минималды зейнетақыдан ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% пайызына дейін өзгеруі, бұл аннуитеттің құнын шамамен 40% пайызға төмендеткен; екіншіден төлемдері кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті енгізілді. Бұл сақтандыру өнімі бойынша азаматтар 45 жастан бастап зейнетақы аннуитетіның шартын жасай алады, ал төлемдерді ересектер 55 жастан бастап, әйелдер 52 жастан бастап ала бастайды", - деді С.Әжібек.

 
Спикердің мәліметінше, бүгінде 61 мыңға жуық адам өмірді сақтандыру компаниясымен жалпы сомасы 283 млрд теңгені құрайтын зейнетақы аннуитеті шарттарын жасап, өздерін зейнетке шыққанда өмірлік төлемдермен қамтамасыз етті. 
 
Айта кетейік, қазіргі кезде сақтандыру нарығында 9 өмірді сақтандыру компаниясы бар, олардың қызметі лицензия негізінде жүргізіледі және мемлекетпен бақыланады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры есебінен зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерге кепілдік беріледі, бұл өмірді сақтандыру компаниясы банкроттық жағдайында зейнетақы аннуитеті бойынша үзіліссіз төлемдерді және сақтанушылар алдындағы міндеттемелерді орындаудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны