02.03.2021, 18:51 9608

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартты

Қазақстан 180 орынның ішінен 39-орынды иеленді.
Нұр-Сұлтан. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Америкалық зерттеу орталығының 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша "Мұра қоры" (Heritage Foundation) елдер рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 орынның ішінен 39-орынды иеленді (2019 жылғы рейтингте – 59-орын).
 

Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті. Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, бизнестің бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі секілді көрсеткіштер бойынша байқалды. Тұрақты динамика инвестициялар еркіндігі, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды", - делінген хабарламада.

 
Салыстыру үшін, 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Ресей Федерациясы 94-орынды, Өзбекстан Республикасы 114-орынды, Беларусь Республикасы 88-орынды, Қырғыз Республикасы 81-орынды иеленді. 
 
Экономикалық еркіндік деңгейі аса жоғары 5 елдің қатарына Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария кірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны