15.04.2021, 19:27 13319

МКК зейнетақы алымдарынан жеке табыс салығын ұстап қалу туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емделу ақысын төлеуге пайдаланған кезде жеке табыс салығын ұстап қалу бойынша сұрақтарға жауап берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Инвестициялық табысқа салық салынады ма?
 
Зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылады.
 

Жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кірісті айқындау кезінде жеке тұлғаның кірісінен міндетті зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналары шегерілетінін ескеру қажет. Бұл дегеніміз, олар БЖЗҚ-ға аударылған кезде мұндай жарналарға ЖТС салынбайды. Өз кезегінде, инвестициялық кірістер салық агенті төлейтін басқа да кірістер ретінде төлем көзінен ЖТС салынуға жатады. Бұл жағдайда БЖЗҚ салық агенті болып табылады", - деп түсіндірді МКК баспасөз қызметінде.

 
Тиісінше, зейнетақы түріндегі зейнетақы жинақтарын төлеу кезінде, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі осындай кірістерден төлем көзінен ЖТС Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ұсталады.
 
Басқаға беру кезінде зейнетақы алымдарына салық салынады ма?
 
Салық заңнамасында (Салық кодексі және Салық кодексін енгізу туралы Заңның 33-бабы) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі бар жеке табыс салығын (ЖТС) есептеуге, ұстап қалуға және төлеуге қатысты ережелер көзделген (тиісінше 353-1 және 351-1-баптар). Бұл ретте ЖТС бір мезгілде ұсталатын жағдайлар көзделген.
 
Сонымен бірге, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде алған жұмыстар мен қызметтерді қоса алғанда, оның ішінде сыйға тарту және мұрагерлік түрінде мүлік салық салынатын кірістен алып тастауға жатады (яғни ЖТС салынбайды).
 

Бұл норма Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды. Тиісінше сыйға тарту арқылы берілген біржолғы зейнетақы жинақтары осындай сыйды қабылдаған жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен алып тасталады. Яғни, сый алушы жеке тұлғада ЖТС ұсталмайды. Бұл ЖТС-ті осындай төлемді берген тұлға ғана төлейтінін білдіреді", - деп хабарлады салық қызметкерлері.

 
Бұдан бұрын МКК-да ЖТС сомасын ұстап қалуды жеке тұлғаның таңдауы бойынша екі тәсілдің бірімен ЖТС ұстап қалу туралы өтініш негізінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) жүргізетіні хабарланған болатын:
 
1) бір рет - БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде;
 
2) БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны