12.10.2021, 21:15 36101
Қазақстан Калининградпен әуе қатынасын жаңартуда
Достарға айту
Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады", - деп хабарлады ҚР ИИДМ.
Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.
Анықтама: Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы 2008 жылы құрылған. Ұшақтар паркі Boeing-737, Boeing-777, Airbus A330 және Airbus A321 үлгісіндегі 33 әуе кемесінен тұрады. Негізгі әуежайы – Шереметьево. Ұшу географиясы - 200-ден астам бағыт, әлемнің 20 еліндегі 95 қаладан ұшады. "Северный ветер" әуе компаниясы жолаушылар айналымы бойынша Ресейдің ТОП-7 әуе компаниясының қатарында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.03.2025, 16:27 2666
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 533 млн АҚШ долларын құрады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Бакуге ресми сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі жеткізілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Екі мемлекеттің басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынастың арқасында Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы серіктестіктің сапалы жаңа деңгейіне көтерілді.
Республикасының Премьер-министрі Әли Асадовпен үкіметаралық келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $533 млн-ды құрады. Қазақстан Әзербайжанға $340 млн-нан астам сомаға шикізаттық емес тауарлардың 130 түрін жеткізуді арттыруға дайын. Көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Өткен жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Екі елдің темір жолдары арасында Digital Trade Corridor платформасын интеграциялау аяқталды.
Тараптар екіжақты тауар айналымын неғұрлым жоғары деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерін жұмсауға ниетті екенін растады.
Кездесулер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде Қазақстан-Әзербайжан бағытындағы су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау және салу жөніндегі құжат бар. Жоба байланыстың сапасы мен сенімділігін арттыру, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді беруді кеңейту үшін стратегиялық маңызға ие.
Сондай-ақ келіссөздер барысында екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды. Әзербайжан тарапы Қазақстанның Қарабақты қалпына келтіру үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 16:08 3031
Қазақстан Ақтау-Баку-Джейхан бағыты бойынша мұнай жеткізуді 1,7 млн тоннаға дейін ұлғайтады
Достарға айту
ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев ұлттық компанияның 2024 жылғы жұмысын қорытындылап, 2025 жылға арналған жоспарларын ұсынды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының баспасөз қызметінен.
ҚазМұнайГаз" елдегі барлық мұнай өндірудің 26%-ын, тасымалдаудың 56%-ын және мұнай өңдеудің 80%-ын қамтамасыз етеді.
Басты өндірістік көрсеткіштер:
2024 жылы ҚМГ-ның мұнай өндіру көлемі 23,8 млн тоннаны құрап, өткен жылғы деңгейден 300 мың тоннаға көп болды.
Табиғи және ілеспе газ өндіру көлемі - 9,55 млрд текше метр, биылғы газ өндіру көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға немесе 11,1 млрд текше метрге артық болады деп күтілуде.
Мұнай тасымалдау көлемі - 83,5 млн тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 4%-ға жоғары.
Мұнай өңдеу - 18,2 млн тонна.
Компания 2024 жылға 350 млрд теңге көлемінде рекордтық дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Халықаралық рейтинг агенттіктері ҚМГ-ға жоғары баға берді.
Геологиялық барлау қызметі әуелден ҚМГ жұмыстарының негізгі бағыты болып келеді. 2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша мұнай мен конденсаттың өндірілетін қоры - 767 млн тонна. Жер қойнауында терең орналасқан қорлардың мүмкіндігін зерттеу аясында ҚМГ былтыр Қызылорда облысында Торғай Палеозой (5500 м) және Атырау облысында Қаратон Подсолевой (5500 м) учаскелерінде, сондай-ақ Қаражар және Тайсойған учаскелерінде ұңғымаларды бұрғылауды бастады", - деп атап өтті Қ.Есқазиев.
ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының айтуы бойынша, перспективті жобаларды одан әрі іске асыру үшін сыртқы инвестициялар тартылады. Биыл стратегиялық серіктестермен бірге жаңа келісімшарттар қолға алынады - Жылыой (CNOOC), Болашақ (Қарамаржан Групп), Березовский (Sinopec) және Мұғалжар (Shell, Chevron). Сондай-ақ жыл соңына дейін жоспар бойынша Солтүстік Өзен (1650-2000 м) және Болашақ (3500 м) жобаларында бұрғылау жұмыстары басталады.
ҚМГ ескі кен орындарында өндіру көлемін сақтап тұру үшін жаңа технологияларды енгізуде. Сонымен қатар әрбір кен орны бойынша мұнай көлемін арттыру үшін сараланған әдістерді қолдануды көздейтін технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы әзірледі. Оның есебінен қосымша 418 мың тонна мұнай өндірілді. Ал 2025 жылы бұл көрсеткішті 519 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда", - деді Қ.Есқазиев.
Сондай-ақ 2024 жылы Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасының іс-шаралары табысты іске асырылып, қосымша 158 мың тонна мұнай өндірілді.
ҚМГ газ өндіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді. 2024 жылы Батыс Қазақстан облысында жобалық қуаты жылына 500 млн текше метр газды құрайтын Рожков газ конденсатты кен орнын игерудің бірінші кезеңі аяқталды. Батыс Прорва кен орнында газ кеніштерін игеру жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы маусымда жылына қосымша 150 млн текше метр газды қамтамасыз ететін бірінші кешенін іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл Шығыс Өріктау және Орталық Өріктау кен орындарындағы ұңғымаларды бұрғылау әрі жайластыру жұмыстары жүргізілмек.
ҚМГ қосымша экспорттық бағыттарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. 2024 жылы Германияға мұнай жеткізу көлемі 50%-ға ұлғайды. 2025 жылы бұл көрсеткіш сақталатын болады.
Сондай-ақ SOCAR компаниясымен жасалған келісім аясында Қазақстан мұнайын Ақтау-Баку-Джейхан бағытында транзиттеу көлемі 1,4 млн тоннаға дейін немесе 27%-ға ұлғайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 1,7 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.
Биыл Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге техникалық тапсырманы Қытай тарапымен келісу процесі аяқталады деп күтілуде.
Бұдан басқа, Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының танкерлер флоты мен пулын кеңейту жоспарда. Бұл бағытта 2025 жылы "Афрамакс" үлгісінде екі мұнай құю танкерін сатып алу жөніндегі жобаның іске асыру басталады.
Сонымен қатар барлық 3 ірі мұнай өңдеу зауыты әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін өндіру бойынша өз міндеттерін орындап жатыр. 2024 жылы жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемі 370 мың тоннаға ұлғайды. Осылайша, жеңіл мұнай өнімдерінің рекордтық көлемі шығарылды, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Биыл бұл көлем тағы да 75 мың тоннаға ұлғаяды деп күтілуде", - деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
Отандық үш мұнай өңдеу зауытының қуатын 2030 жылға дейін кеңейту бойынша инвестициялық жобалар іске асырылуда. Басты жобалардың бірі - серіктес СНПС компаниясымен бірлесіп, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 12 млн тоннаға дейін кеңейту. 2025 жылы техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу кезеңіне көшу жоспарда.
Ішкі нарықты битуммен қамтамасыз ету үшін Caspi Bitum зауытының қуатын 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті. Олар 2025 жылы сәуірде аяқталады. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласында қуаты 900 млн текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша ерте құрылыс жұмыстары басталды.
ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай-газ химиясы саласын белсенді дамытып жатыр. Былтыр қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін ірі зауыттың құрылысы басталды.
Мұнай-газ химиясы саласының тағы екі жобасы - Полиэтилентерефталат (ПЭТФ) және Карбамид бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Бұл жобалар бойынша жалпы инвестиция көлемі 2030 жылға қарай 13 млрд доллардан асады және құрылыс кезінде шамамен 15 мың жұмыс орны және 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады", - деп түйіндеді Қ.Есқазиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 14:10 4116
Ақпандағы инфляция деңгейі 9,4% құрады
Достарға айту
Ақпандағы инфляция деңгейі 9,4% құрады, деп хабарлайды Qazstat.
2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,5% құрады (қаңтарда - 1,1%)
ТБИ құрылымындағы өсім:
- ақылы қызметтер - 2,1%
- азық-түлік тауарлары - 1,5%
- азық-түлік емес тауарлар - 1%
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары айлық инфляция Астанада - 2,9% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төмені - Абай және Қызылорда облыстарында, әрқайсысында 0,7%.
Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы - 9,4%
ТБИ құрылымында бағаның көтерілуі:
- ақылы қызметтер - 14,1%
- азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 8,7%
- азық-түлік тауарлары - 6,5%
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 14:03 27291
Сарапшылар Қазақстандағы инфляция бойынша болжамды көтерді
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.
Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы - сауалнаманың негізгі параметрлері болды.
2025 жылға арналған мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары ақпанда баррель үшін 75 АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Ал болжам 2026 және 2027 жылдарға қайта қаралып, 72 АҚШ долларына дейін біраз төмендеді.
Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты 2025 жылға арналған болжам 4,7%-дан 4,9%-ға дейін жақсарды. 2026 және 2027 жылдары ЖІӨ өсуі 4,5%-ға теңеседі деп күтілуде.
Аналитиктердің инфляция бойынша болжамдары барлық болжамды кезеңде өсу жағына қарай қайта қаралды. Осылайша, 2025 жылға арналған болжамдардың медианасы 7,5%-дан 8,7%-ға дейін, 2026 жылға - 6,5%-дан 7%-ға дейін, 2027 жылға - 5,6%-дан 5,8%-ға дейін өсті.
Инфляция бойынша болжамдардың жоғары болуына байланысты 2025 және 2026 жылдарға арналған жылдық орташа базалық мөлшерлемеге қатысты күтулер де арта түсті. Бұл аналитиктер базалық мөлшерлеме көтеріледі немесе ол жоғары деңгейде ұзағырақ сақталады деп күтетінін көрсетеді. 2025 жылға арналған күтулер 14,7%-дан 15,3%-ға дейін, 2026 жылға - 11,8%-дан 12,7%-ға дейін артты. 2027 жылға күтулер 10,5%-дан 10%-ға дейін төмендеді.
Сауалнамаға Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерін талдаумен және болжаумен айналысатын 15 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді. Макроэкономикалық сауалнамаға қатысушылар қатары BCC Invest және Еуразиялық тұрақтылық және даму қорының аналитиктерімен толықты.
Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық Банк болжамдары кірмейтінін атап өткен жөн. Онда қазақстандық және әлемдік нарықтардағы ахуалдың даму барысына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың дербес пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне шолу жасалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2025, 15:05 59661
ҚТЖ және Қытайдың ірі құрылыс компаниясы ынтымақтастықты кеңейтуде
Достарға айту
2025 жылғы 24 ақпанда Бейжің қаласында China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының басшысы Ван Тунчжоу мырза "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Н. Е. Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
СССС - Қытайдағы ең ірі құрылыс корпорациясы Fortune Global 500 рейтингі бойынша әлемде 63-ші орында, кірісі жылына 130 миллиард доллардан асады.
Тараптар ағымдағы бірлескен жобаларды және одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Анаклия портындағы жобаны жүзеге асыруда, Трансауғандық көлік дәлізін дамытуда және басқа да ірі инфрақұрылымдық көліктік жобаларда ынтымақтастық қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚТЖ және CCCC серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2025, 10:39 61306
Қазақстан Еуропалық Одаққа бал экспорттайтын болады
Достарға айту
ҚР ресми түрде Еуропалық Одақ елдеріне бал экспорттауға рұқсат алды. Тиісті қаулы 2025 жылдың 21 ақпанында Еуропалық Комиссия тарапынан жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен.
Министрлік балдағы қалдық заттарды бақылаудың Ұлттық жоспарын әзірлеп, енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді, бұл Қазақстанды ЕО-ға осы өнімді экспорттауға құқығы бар елдер тізіміне қосу үшін маңызды қадам болды. Дайындық аясында Еуроодақ талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында көптеген семинарлар, кеңестер мен тексерулер өткізілді.
Еуропалық Комиссия қаулысының 2-бабына сәйкес, бұл шешім Еуропалық Одақтың Ресми журналында жарияланған күннен бастап жиырма күн өткен соң күшіне енеді.
Айта кету керек, Еуропалық Одақ елдеріне өнім экспорттауға рұқсат берілген кәсіпорындар Комиссия мақұлдаған Тізімге енгізілуі үшін ЕО нормативтік актілерінің барлық талаптарына сәйкес келуі қажет.
ЕО Комиссиясының талаптарына сәйкес, осы Тізімге қосылу үшін аумақтық инспекция өтінішті Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жолдаған кезде мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1. кәсіпорынның ЕО-ның импорттық нормалары мен талаптарына сәйкестігін растайтын Комитеттің аумақтық инспекциясының кепілдік хаты.
2. кәсіпорынға жүргізілген ветеринариялық бақылау және қадағалау тексерулері актілері және оның ЕО талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды.
3. кәсіпорында өндірістік бақылау жүйесі мен ХАССП жүйесінің жұмыс істейтінін растайтын құжаттар.
4. кәсіпорын туралы деректер көрсетілген, ағылшын және орыс тілдерінде толтырылған тиісті кесте.
Комитет ұсынылған құжаттарды қарап, оларды TRACES-NT жүйесі арқылы Еуропалық Одақ Комиссиясына жіберу үшін дайындайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.02.2025, 17:02 73506
Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оманның Инвестициялық банкі өкілдерімен кездесу өткізді
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасарлары Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оман инвестициялық банкінің (OIB) өкілі Ибрагим Әл-Эйсеримен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ибрагим Әл-Эйсери Парсы шығанағы елдерінің Орталық Азия аймағына, атап айтқанда, логистика саласына инвестиция салуға қызығушылық танытатынын атап өтті.
Тараптар Оман банкінің Қазақстандағы ресми өкілдігін ашу мәселесін қарастырды.
Оман делегациясы Қазақстанға Парсы шығанағы, ОА және Кавказ елдерінің макроөңірлері арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын құруда серіктес болуды ұсынды.
Кездесу Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаиди мырзаның Қазақстанға ресми сапары және Астанада өтетін Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының 1-отырысы қарсаңында өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.02.2025, 15:54 73756
Агроөнеркәсіп секторын дамытуға кем дегенде 1,5 трлн теңге бағытталады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Аграрлық сектор саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін 2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) және "ҚазАгроҚаржы" арқылы шамамен 1,5 трлн теңге қаражат бағытталады. Қаражат көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне беріледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жобаларды несиелендіру кезінде келесідей бағыттарға басымдық жасалады:
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне басымдық)
- Суару жүйесін дамыту (жаңбырлату қондырғылары, суару құрылыстары, тамшылатып суару)
- Өнеркәсіптік жылыжайлар (көкөніс бағасының маусымдық ауытқуының төмендеуі)
- Инфрақұрылымды дамыту (орау, сақтау, тасымалдау)
- Өнеркәсіптік ауқымда жемшөп өндірісін дамыту.
Инвестициялық жобаларды несиелендіру АӨК инвестицияларын ұлғайту, азық-түлік инфляциясының импортын азайту үшін ішкі өндірісті дамыту және ішкі нарықты отандық өніммен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталмақ.
Жобаларды қамтуды ұлғайту үшін АНК арқылы жобаларды несиелендіру лимиттері 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін артады. Сондай-ақ "Бәйтеректің" Кепілдік қорының, "Дамудың" кепілдерін Аграрлық несие корпорациясының ұзақ мерзімді ірі жобаларына қолдану кеңейтіледі, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдауға арналған мандаты күшейтіледі.
ҚазАгроҚаржы" лизингтік бағдарламалары шеңберінде отандық ауыл шаруашылығы техникасына басым түрде қолдау көрсетіледі. Бұл фермерлерді қолдаудың осы шарасының өнеркәсіптік кәсіпорындарға мультипликативтік әсерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, "Бәйтерек" холдингі құс фабрикаларының пулын қалыптастырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық мүмкіндігін арттыруды жалғастырады. Малайзиямен жаңа өткізу нарықтарын игеру, сондай-ақ астық экспортын $200 млн-ға дейін ұлғайтатын жаңа сауда қорын құру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ұзақ мерзімді перспективада аталған көрсеткішті $1 млрд-қа дейін арттыру жоспарлануда.
Экспортты кеңейту және жаңа нарықтар
Экспорттық стратегия шеңберінде отандық өндірушілер үшін сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік құралдары кеңейтілуде. Жаңа нарықтарға шығу және қазақстандық экспорт үшін кешенді шешімдер ұсыну маңызды міндет болып отыр.
Осыған байланысты, "Бәйтерек" сауда қорын іске қосып, құс шаруашылығы кәсіпорындары мен өсімдік шаруашылығын дамытуды қосқанда, экспортқа бағдарланған жобалар пулын қалыптастырады.
Экспорттың негізгі бағыттары:
- Экспорттық арналарды кеңейту үшін өсімдік шаруашылығы өнімдерінің (дәнді, майлы және бұршақ дақылдары) ірі өндірушілері мен трейдерлерін шоғырландыру.
- Тұрақты экспорттық жеткізу тізбегін құру және экспорт географиясын кеңейту (ҚХР, Орталық Азия, ЕО).
- Баға белгілеудегі алыпсатарлық факторлардың төмендеуі және нарықты тұрақтандыру.
- Ірі шетелдік сатып алушылармен әріптестік (COFCO және басқалар).
- Инвестициялық қолдау және сауда қызметіне жеке секторды тарту.
- Көлік-логистикалық қызметтер бойынша агроөндірушілер үшін жағдайды жақсарту.
- Келешекте - қорды Food Security Fund-қа КОВА және Таяу Шығыс елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеңірек мандатпен трансформациялау.
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ (ЭКА) арқылы экспортты қолдау құралдарына келесілер кіреді:
- кепілдіктер,
- қайта сақтандыру,
- композиттік қызметтер.
Бұл шаралар қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға шығаруға және отандық өндірушілердің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. ЭКА екінші деңгейлі банктермен де, "Бәйтерек" тобы ішіндегі басқа қаржы институттарымен де жұмыс істейді. Бұл ретте қолдау құралдары бизнестің локализациялау, индустрияландыру және инвесторларды тарту жөніндегі міндеттемелеріне айырбас ретінде ұсынылады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту
Моноқалаларда, шағын қалаларда және облыс орталықтарында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру жұмыстың маңызды бағыты болады. Бұл халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар кадрлардың жергілікті жерде тұрақтап қалуын ынталандырады. Әсіресе, ол биылғы "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында маңызды.
2025 жылы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтар: өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары мамандықтарына бағытталған "Наурыз жұмыскер" жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарламаның негізгі параметрлері:
- 72 млрд теңге сомасына 2 440 қарыз;
- Өтінімдерді қабылдауды бастау - 2025 жылғы 17 наурыз;
- Жеңілдетілген ипотекаға қол жеткізуді кеңейте отырып, "Наурыз жұмыскер" бағдарламасын "Наурыз" бағдарламасына енгізу.
Бәйтерек" холдингі жергілікті әріптестерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды, оның ішінде "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ тетіктері арқылы іске асыруға белсенді түрде тартуда. Бірлескен жобалар тұрғын үй мәселелерін шешіп қана қоймай, өңірлерде білікті кадрлардың тұрақтап қалуына көмектеседі.
Бұл бастамалар экономиканың теңгерімді дамуын және Қазақстанның стратегиялық басымдықтарына сәйкес келетін тұрақты қаржы жүйесін құруды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.03.2025, 10:19Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады 03.03.2025, 11:23 9131Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды03.03.2025, 16:15 8431Алматыда қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды03.03.2025, 16:22 8121Қазақстанда суық суға тарифтер бір айда шамамен 30% - ға өсті03.03.2025, 16:32 7161ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
27.02.2025, 16:48 129116Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады27.02.2025, 16:39 128946LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 128736Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді28.02.2025, 13:45 99136Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде28.02.2025, 10:39 96086Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
13.02.2025, 08:03 268736ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 259841Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 206436Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 167926Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167661Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады