09.11.2021, 19:39 35121

Жыл басынан бері қазақстандық мұнай экспорты ақшалай мәнде 19%-ға өсті, сандық жеткізілімдер төмендеді

ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, тауарлар экспорты 20,4%-ға 43,1 млрд АҚШ долларына дейін артты.
Жыл басынан бері қазақстандық мұнай экспорты ақшалай мәнде 19%-ға өсті, сандық жеткізілімдер төмендеді
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАРАША - Мұнай мен газ конденсатының экспорты, сандық жеткізілімдердің 9,2%-ға азаюына қарамастан, 19%-ға немесе 3,6 млрд АҚШ долларына артты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, тауарлар экспорты 20,4%-ға 43,1 млрд АҚШ долларына дейін артты. 
 

Бұл өсім, біріншіден, әлемдік мұнай бағасының қалпына келуіне байланысты. Мұнай мен газ конденсатының экспорты, сандық жеткізілімдердің 9,2%-ға азаюына қарамастан, 19%-ға немесе 3,6 млрд АҚШ долларына артты. Алайда, III тоқсандағы мұнай бағасы өсуінің жалғасуы статистикада толыққанды IV тоқсанда ғана көрініс табатындығын айта кету керек", - деп түсіндірді Азат Өскенбаев.

 
Ол эспорттың өсуіне қара және түсті металдар да айтарлықтай әсер еткенін атап өтті. Жиынтық есеппен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда металл экспорты 2,4 млрд АҚШ долларына артты.
 
Сонымен қатар, тауарлар импорты 2,7%-ға ғана 28,0 млрд АҚШ долларына дейін өсті. 
 

Пандемияға дейінгі кезеңде импорттың негізгі драйверлері инвестициялық және аралық тауарлар болса, 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, олардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға қысқарды", - деп түсіндірді маман.

 
Осылайша, жоғарыда аталып өткен импорттың өсуі тұтыну тауарлары импортының өсуімен түсіндіріледі, олар 2021 жылдың 9 айы бойынша 21,4%-ға немесе 1,5 млрд АҚШ долларына өсті. Тұтыну импортының көп бөлігін азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрайды, автомобильдер, телефондар, дәрі-дәрмек, киім-кешек сияқты тауарларды – шетелдік сатып алулар 25,9%-ға немесе 1,3 млрд АҚШ долларына өсті.
 
Шетелдік инвесторлардың кірісі 53,7%-ға артып, 15,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл шикізат тауарларына деген бағалардың өсуімен айқындалған төленетін дивидендтердің 53,2%-ға және қайта инвестицияланған кірістердің 2 еседен астам шамаға өсуімен түсіндіріледі.
 
Алдын ала бағалау бойынша, 2021 жылдың 9 айында ағымдағы шот (-)3,0 млрд АҚШ доллар тапшылығымен қалыптасты. 
 

Ағымдағы шот тапшылығының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,9%-ға қысқаруы тауар балансы жағдайының жақсаруына байланысты. Тауар балансы профициті 15,1 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76,8%-ға өсті. Бұл жақсару импорт ағындарының өсуі жағдайында экспорттың едәуір өсуіне байланысты", - деп түсіндірді Өскенбаев.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны