16.06.2022, 15:20 24516

Смайылов ОА елдерін сауда қатынастарын нығайтуға және кеңейтуге шақырды

ҚР Премьер-Министрі саммитке қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде өңірлік ынтымақтастықтың әрқашан Қазақстанның басымдықтарының бірі болғанын атап өтті.
Смайылов ОА елдерін сауда қатынастарын нығайтуға және кеңейтуге шақырды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан "COVID-тен тыс жерде – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында" тақырыбындағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммитінде Орталық Азия елдерін сауда қатынастарын нығайтуға және кеңейтуге шақырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әлихан Смайылов саммитке қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде өңірлік ынтымақтастықтың әрқашан Қазақстанның басымдықтарының бірі болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда бірлескен жобалар табысты іске асырылып жатыр. 
 
Халықаралық институттардың деректері бойынша Орталық Азиядағы ішкі өңірлік тауар айналымы $6,5 млрд-ты құрайды, бұл орайда аймақтағы елдердің өзара сауда үлесі олардың жалпы тауар айналымының небәрі 9%-ын алып отыр.
 

Өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуетіміз бар екені анық. Осы орайда елдер арасындағы сауда қатынастарын кеңейту жөніндегі бірлескен шараларды күшейту қажет", — деді ҚР Премьер-Министрі.

 
ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, бұл орайда әлемдік экономикадағы терең құрылымдық өзгерістер аясында экономикалық дамудың ұлттық саясатын орта мерзімді перспективаға бейімдеу қажеттілігі туындады.
 

Осыған байланысты біз бизнес-қоғамдастық пен халықаралық ұйымдар сарапшыларының белсенді қатысуымен Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатын әзірлеуге кірістік. Осы құжат аясында инвестициялық ахуал мен кәсіпкерлік ортаны жақсарту, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, инновациялар мен баламалы энергетиканы енгізу, "жасыл" қаржыландыруды кеңейту бойынша жаңа шаралар дайындалады", — деді ҚР Үкіметінің басшысы.

 
Әлихан Смайылов білім беруді және ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға, ҒЗТКЖ-ны кеңейтуге, экономика қажеттіліктері үшін білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатынын айтты.
 
Сөз соңында ҚР Премьер-Министрі Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастық Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы негізгі элемент екенін тағы да атап өтті. Осы орайда Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның ТДМ бойынша орталығын ашу жоспарланған.
 

Ілгерілеу мен жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық және аймақтық деңгейлерде батыл әрекет ету және тығыз әріптестік қажет. Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту БҰҰ құрылымдарының белсенді қатысуымен тұрақты және өркендеген Орталық Азия құруға ықпал ететініне сенімдімін", — деді Әлихан Смайылов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны