05.07.2022, 15:53 16551

Қазақстанда ЕДБ нарықтық ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын ұсынады

Қазақстанда ЕДБ нарықтық ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын ұсынады
НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - Зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы "7-20-25" бағдарламасының аяқталуына байланысты, 500 млрд. теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныс өтелмейді деп болжам жасалып отыр. Бұл туралы "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін, деп хабарлады Шарлапаев тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді жүзеге асыру мәселесі бойынша Үкімет отырысында.
 
Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу мақсатында халық үшін екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады. 
 
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылады: 
 
- бастапқы жарна 20%-дан бастап;
 
- кредит мерзімі 20 жылға дейін;
 
- қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн. теңгеге дейін;
 
- міндетті түрде төлем қабілеттілігі расталуы қажет. 
 

Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-дан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидиялануы тиіс. Екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үйіне және Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады", - деп атап өтті Қанат Шарлапаев. 

 
Оның айтуынша, қазіргі уақытта, Қаржы министрлігінде бюджеттік өтінім қаралуда. 
 

Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын", - деді спикер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны