11.07.2022, 16:42 14411

Ресейден Үндістанға алғашқы пойыз Қазақстан аумағы арқылы Солтүстік - Оңтүстік дәлізі арқылы жолға шықты

40 қырықфуттық контейнерден тұратын пилоттық пойыз тағайындалған станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді.
НҰР-СҰЛТАН. 11 ШІЛДЕ - Алғашқы пилоттық контейнерлік пойыз Ресейден Үндістанға Қазақстан аумағы арқылы Солтүстік - Оңтүстік бағыты бойынша жөнелтілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Иран аумақтары арқылы өтетін "Солтүстік-Оңтүстік" перспективалық көлік дәлізін дамыту "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның алдына қойылған басым міндеттердің бірі болып табылады.
 
Жүктерді "Солтүстік-Оңтүстік" құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан (РФ) Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді. Ресейден Үндістанға жүк жөнелту бойынша жаңа көліктік-логистикалық шешімді "KTZ Express" АҚ мен "РЖД Логистика" АҚ бірлесе әзірледі.
 
40 қырықфуттық контейнерден тұратын пилоттық пойыз тағайындалған станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол маршрутының ұзындығы 8 мың км-ден асады.
 
Баспасөз қызметінде ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан, Түрікменстан және Иран арқылы Түркияға құрлықтық дәліз бойынша пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілгенін еске салды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Ашхабадта өткен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік - Оңтүстік перспективалы дәлізін одан әрі дамытуға ерекше назар аудару керектігін айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны