04.08.2022, 16:05 12511

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында өнеркәсіптік қауіпсіздіктің көптеген бұзушылықтары анықталды

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын 171 бұзушылығы анықталды.
ҚАРАҒАНДЫ. 4 ТАМЫЗ - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Владимир Ильич Ленин атындағы шахтаның қауіпті өндірістік объектілерін тексергеннен кейін өнеркәсіптік қауіпсіздіктің көптеген бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында 110 объект тексерілді, олар: ұңғылау кенжарлары, стационарлық таспалы конвейерлер, рельсті тасу, монорельсті жолдар мен көлік, көтергіш қондырғылар, бас желдету желдеткіштері, электромеханикалық жабдықтар, техникалық құжаттама, геологиялық-маркшейдерлік қызмет құжаттамасы, шаң-газ режимі және басқалар.
 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын 171 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды", - деп хабарлады комитетте.

 
Бұл ретте, жазатайым оқиғаларды арнайы тексеру актілерінің (2021 жылғы 07 қарашадағы топтық жазатайым оқиға) іс-шараларының тармақтары орындалмағаны анықталды. 
 
Шығарындыға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде жұмысшылардың ықтимал шығарындылар аймағында болуын болдырмайтын басқаруы бар, төсеу бұрыштарын, ұңғымалардың ұзындығын электрондық бақылайтын және бұрғылау снарядына жүктеменің өзгеруін тіркейтін станоктар пайдаланылмайды.
 
Сондай-ақ, пайдаланушылық барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде сенімді мәліметтерді қамтамасыз ететін станоктар (ұзындығы, ұңғымалардың орналасу бұрышы, бекінісі, жыныстардың типі, кернді өңдеу мүмкіндігімен және т.б.) сатып алынғанбаған.
 
Бұдан басқа, "АМТ" АҚ КД шахталарында аэрогазды бақылау операторына (АГК) шығарылған газ қоспасын бақылау аспаптарымен тораптық нүктелердегі дигазациялық құбырлар жарақтандырылмаған.
 
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтар:
 
- рельс жолдары мен таспалы конвейерлерді тау-кен массасының төгілуінен тазарту жүргізілмейтіндігі;
 
- таспалы конвейерлердің шамадан тыс жүктелу орындарында шаң басатын рамалар өз функцияларын орындамауы;
 
- шахтада пайдалануда ауаның есептік жылдамдығы 0,5 м/с қамтамасыз етілмеген қазбалар болуы болып табылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны