04.08.2022, 18:06 18291

Энергетика министрлігі дизель отынын сатуға лимит енгізуді жоспарлап отыр

Энергетика министрлігі дизель отынын сатуға лимит енгізуді жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН. 4 ТАМЫЗ - ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар, сондай-ақ дизель отынын сатуға лимиттер белгіленетін бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Осылайша, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында:
 
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 260 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 260 теңге.
 
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:
 
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 230 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 230 теңге.
 
Белгіленген көлемнен жоғары немесе сатудың өзге де жағдайлары үшін - 1 литр үшін 450 теңге.
 
Ішкі нарықтағы теңгерімді сақтау, сондай-ақ шекара маңындағы елдерге дизель отыны ағындарының тәуекелдерін барынша азайту мақсатында тәуліктік лимит белгілеу, сондай-ақ Лимиттен жоғары, сондай-ақ өткізудің өзге де жағдайлары үшін сараланған баға белгілеуді көздеу ұсынылады, делінген құжатта.
 
Сондай-ақ бұйрық жобасында бензинге келесі бағалар белгіленеді:
 
  1. Аи-80 маркалы бензин - 1 литр үшін 89 теңге;
  2. Аи-92, Аи-93 маркалы бензин: 
 
- Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 1 литр үшін 187 теңге;
 
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында - 1 литр үшін 182 теңге.
 
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 18 тамызға дейін жария талқылау үшін қолжетімді.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында күзде Қазақстанда дизель отынының тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны