24.08.2022, 15:55 22536

ҚТЖ мен Баку теңіз порты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандум Транскаспий халықаралық көлік бағдарын одан әрі дамытуға бағытталған.
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Баку халықаралық теңіз сауда порты" ЖАҚ логистика және ықтимал бірлескен жобаларды іске асыру және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Меморандум екі елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағдарын одан әрі дамытуға бағытталған", - деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

 
 "ҚТЖ" ҰК" АҚ кеңеюдің 2-ші кезеңі шеңберінде терминалдық қуаттарды, сондай-ақ Алят портының қолданыстағы инфрақұрылымын дамытуға қатысу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қол қойылған құжат портты бірлесіп дамыту үшін Қазақстан тарапына жер учаскесін және қолданыстағы айлақтарды бөлу мүмкіндігін көздейді.
 
Меморандумға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аясында қол қойылды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, бір жыл ішінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара сауда 3 есе өсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны