05.10.2022, 16:02 16751

Павлодар облысында ірі металлургиялық кластер құрылады

ПАВЛОДАР. 5 ҚАЗАН - Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының металлургиялық кластері аясындағы жобалардың алғашқысының негізін қалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

"Mineral Product International" ЖШС истициялық жобасы жылына 160 мың тонна ферроқорытпа шығара алады. Ферроқорытпалар өндіретін кәсіпорының ерекшелігі - зиянды шығындыларды 99,7%-ға дейін тазартуда. Дайын өнім Еуразиялық Одақ, Азия елдері мен АҚШ металлургиялық нарығын 100% қамтамасыз етеді. Инвестициялардың жалпы сомасы 360 млн АҚШ доллары", - деп хабарлайды ОКҚ.

 
Облыс әкімі атап өткендей, экспорттық бағыттағы кәсіпорын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған сапары кезінде сөз болған ірі металлургиялық кластердің алғашқы жобасы болмақ.
 

Металлургиялық кластер құрамына металды екінші қайтара өңдеу фабрикасы, феррқорытпалар мен болат өндіру кәсіпорындары кіреді. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 2025 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп көлемін 57%-ға арттыруға жағдай жасалады. Жергілікті тұрғындарға үш мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болады", - деді облыс әкімі.

 
Жыл сайын 3 млн. тоннадан артық болат өнімі ішкі нарықты қамсыздандырып, сол арқылы импорт көлемін 70%-ға азайтуға жол ашылады.
 
2025 жылға дейін жалпы сомасы 2 трлн теңгеге барлығы 143 ірі инвестжоба жүзеге асыру көзделуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны