30.12.2022, 11:25 37216

Қазақстанда автогаз бағасын мемлекеттік реттеу тағы жарты жылға ұзартылды

Жанармай құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу бағасын реттеу мерзімін ұзарту туралы шешім бағаның күрт өсуінің орын алған тәуекелдерімен және соның салдарынан қоғамда әлеуметтік шиеленістің туындауымен байланысты
Қазақстанда автогаз бағасын мемлекеттік реттеу тағы жарты жылға ұзартылды
Астана. 30 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі No 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығы күшіне енді.
 
Бұйрықпен 2023 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді ұзарту көзделеді, деп хабарлайды БҚДА баспасөз қызметі.
 
Бұйрықтың мәтінімен мына жерден танысуға болады.
 
Бұйрықты әзірлеушілер түсіндіргендей, жанармай құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу бағасын реттеу мерзімін ұзарту туралы шешім бағаның күрт өсуінің орын алған тәуекелдерімен және соның салдарынан қоғамда әлеуметтік шиеленістің туындауымен байланысты.
 
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында сұйытылған газ өндірушілері электронды сауда-саттыққа көшті, нәтижесінде газ бағасы күрт екі есеге өсті. Бұл жаңалыққа Маңғыстау облысының тұрғындары Жаңаөзен, Ақшұқыр және Құрық ауылдарындағы митингілерге шығып, бірден жауап берді. Халықтың сұйытылған мұнай газының қымбаттаған бағасына наразылығы кейіннен Қазақстандағы қаңтар погромдарын бастау құралы ретінде пайдаланылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны