11.01.2023, 11:19 28876

Қазақстан үштік газ одағын құру жөнінде ресми ұсыныс алған жоқ- Смайылов

Қазір Ресеймен газбен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бойынша екіжақты келіссөздер жүргізілуде
Астана. 11 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан, Өзбекстан және Ресей арасында "газ одағын" құру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
 

Қазіргі уақытта үшжақты газ одағын құру бойынша ресми ұсыныс алған жоқпыз. Алған кезде оны қарастыра жатармыз", - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

 
Үкімет басшысының атап өтуінше, Ресеймен арадағы газбен қамту саласындағы ынтымақтастық мәселесі екіжақты келіссөздер арқылы жүргізіліп жатыр.
 

Таяу уақытта "Газпроммен" келіссөздің келесі кезеңін күтіп отырмыз. Бүкіл қарым-қатынас коммерциялық және өзара тиімді шарттармен жасалады. Біз екіжақты форматтағы жұмысты жалғастырамыз", - деді Премьер-Министр.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен және Өзбекстанмен үшжақты одақ мәселесін қарастыруға дайын екенін, бірақ ол "тақырыпқа терең үңілу керек" деп мәлімдеді.

Ресей СІМ Қазақстан мен Өзбекстан газ одағын құру үшін Ресеймен жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны