30.01.2023, 10:04 24756

Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге тыйым салу туралы бұйрық күшіне енді

Бұйрық 2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап күшіне енді
Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге тыйым салу туралы бұйрық күшіне енді
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 28 қаңтардан бастап "Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы №39 бұйрығы күшіне енді.

Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310)", - делінген құжатта.


Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияз экспортына 3 ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, үшінші елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі - Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны пияз бағасының жаһандық өсуіне себеп болды, соның ішінде біздің республика нарығында да. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Өзбекстанда да қатты аяз құнға қосымша қысым жасайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны