22.02.2023, 11:27 39941

Энергетика министрлігі ҚР шығыс өңірлерін газдандыру үшін Ресей газын импорттау мүмкіндігін қарастыруда

Энергетика министрлігі ҚР шығыс өңірлерін газдандыру үшін Ресей газын импорттау мүмкіндігін қарастыруда
Сурет: Depositphotos
Шығыс өңірлерді газдандыру үшін министрлік 2 нұсқаны қарастыруда

Астана. 22 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Еліміздің шығыс өңірі Ресейден құбыр тарту арқылы газдандырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Шығыс өңірлерді газдандыру үшін министрлік 2 нұсқаны қарастыруда. Бірінші нұсқа - "Қостанай-Астана-Павлодар-Семей-Өскемен" бағыты бойынша газ құбырын салу. Бұл қомақты қаражат салуды, салынған инвестициялардың өтемділігін қамтамасыз ету үшін тұтынушыларға газ тарифтерін ұлғайтуды, сондай-ақ газ кен орындарының жаңа ресурстарын игеруге тартуды талап етеді", - деді Болат Ақшолақов.


Оның атап өтуінше, екінші нұсқада Қазақстан мен Ресей арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында Ресей Федерациясынан газ импорттауды көздейді.

Бүгінгі таңда Қазақгаз Газпроммен бірлесіп, "Ресей Федерациясы - Қазақстан Республикасы - Қытай Халық Республикасы" халықаралық газ құбырын салу мәселелерін зерделеу үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр", - деді министр.


Ақпарат көзі: inform.kz


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны